Тар шөлі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұлы Үндістан Тар шөл даласы Үндістанның Пунжаб, Хариана, Раджастан атты төрт штатына және Гужарат пен Пәкістанның екі штатына созылып, шамамен 4,46,0000 км жерді алып жатыр. Бұл шөл даланың ерекше қасиеті – ол жерде не көгал, не артезиан құдығы жоқ. Кең алқапта ешқандай кактус, не пальма ағашы кездеспейді. Шөл даладағы құмның созылып жатуы төбешіктермен, құмды және ірі тас жазығымен араласып кеткен. Осы сусыз аймақ әртүрлі тіршілік иесіне – өсімдіктер мен аңдарға өте бай. Мұнда кесірткенің 23, жыланның 25 түрі кездеседі. Үндістанның басқа бөлігінде тез жойылып бара жатқан аңдардың кейбір түрлері осы шөл далада көптеп кездеседі. Олар: дуадақ, қара марал, үндістан бөкені және Кучтың Ранндағы жабайы есек. Шөл далада адамдар мен үй жануарлары санының көбеюі экосистемнің құлдырауына алып келіп, ақырында жердің құнарлылығы мен өсімдіктің өсуі төмендеді.

Дереккөздер

Балаларға арналған танымдық энциклопедия "Шөлдер"