Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғарышкер Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007). ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасы.
Мазмұны
Қысқаша өмірбаяны
- 1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған.
- 1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер.
- 1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.
- 1975—84 жж. — әуе кәсіпорындарында саяси-тәрбие қызметінде.
- 1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген.
- 1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған.
- 1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған.
- 1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған.
- 2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған.
- 2001—05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде.
- 2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры.
- 2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.
- 2007 ж. сәуірдің 11-інен — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.
- 2014 ж. тамыздың 13-інен Үкімет басшысының азаматтық авация және ғарыш қызметі мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі.
- 2014 ж. тамыздың 21-інен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы
Ғарышқа ұшуы
- 1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.
- 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.
- 2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.
Әскери атағы
Әскери атағы - запастағы РФ ӘӘК генерал-майоры, ҚР авиация генерал-лейтенанты (2007 жылдан).
Хоббиі
Хоббиі - фортепианода, гитарада ойнау, ән айту.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Марапаттары
- «Халық қаһарманы» атағы (1995)
- «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы (1995)
- «Отан» ордені (1998)
- «Барыс» 1-ші дәрежелі ордені
- «Астана» медалі (1999)
- «Дружба народов» ордені (1991)
- «Герой Российской Федерации» атағы (1994)
- «Лётчик-Космонавт РФ» (1994)
- «За заслуги перед Отечеством» 3-ші дәрежелі ордені (1998)
- «За заслуги перед Отечеством» 2-ші дәрежелі ордені
- Аустрия Республикасының ордені
- «Ғарышқа ұшқан үшін» NASA медалі (1998)
Жанұя жағдайы
- Зайыбы — Мұсабаева (Лацис) Виктория Вольдемаровна, 1952 ж. туған, стоматология дәрігері.
- Баласы — Мұсабаев Данияр Талғатұлы, 1975 ж. туған, Қазақстанның ІІМ әскери қызметкері.
- Қызы — Мұсабаева Кәмилә Талғатқызы, 1981 ж. туған.
Сыртқы сілтемелер
- Ресми торабы Үлгі:Ru icon Мұсабаев ресми торабы
- Космонавтика күні
- Талғат Мұсабаев жаңа комитеттің төрағасы болып тағайындалды
Дереккөздер
<references/>