Талибан қозғалысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Талибан Қозғалысы Ауғанстандағы діни-саяси күш.

Бұл қозғалыс Ауғанстанның саяси сахнасына 1994 жылы шықты.

Тарихы

«Талибан» сөзінің арабша төркіні «талиб» - білім іздеуші, оқушы.

Талибан қозғалысы Исламшыл студенттердің әскери ұйымы ретінде пайда болды. Кеңес Одағының басқыншылық әрекеттерінен қашқан босқын студенттер солтүстік-батыс Пәкстанда талибтер қозғалысын негіздеді. Оның құрамы «ауған соғысының жетімдерінен» жасақталды.

Талибтер өздерін «Аллаһтың шэкірттеріміз»депатады.

Мақсаттары

Ислам дінін таза ұстау; ауған жерінде Аллаһтың калауымен мемлекет орнату; Ислам билігін басқа елдерге тарату. Талибан көсемдерінің көпшілігі Пешеварға таяу жердегі Хаккани медресесін тәмамдағандар.

Негізін салушы

молла Мохаммад Омар және молла Мохаммад Раббани.

Талибтер Хаккани медресесін өздерінің идеологиялық орталығы ретінде ерекше қастерлейді. Көпшілігі өздерінің есімдеріне Хаккани сөзін қосып атайды. Көптеген сарапшылар Талибан қозғалысын Кеңес Одағына қарсы АҚШ-тың арнаулы мекемелері ұйымдастырды деп біледі. Кеңес-ауған соғысы жылдарында АҚШ моджахедтермен қоса талибтерді де қарулан дыр ды. Пәкстан арқылы ауған жауынгерлеріне «Стингер» зымырандары жеткізілді. Бұл әскер шуравиге (Кеңес эскеріне) қарсы жасақталған болатын. Кеңес әскері Ауғанстаннан шығарылған соң билікке талас тіптен күшейді. Талибтер сол кезде билік басында тұрған моджахедтер үкіметіне қарсы шықты.

1994 -1995 жылдарында пуштун тайпасынан құралған талиб жасақтары ауған жерінің 50%-ын бағындырды. Қандағар қаласы Талибан қозғалысының ортасына айналды.

1996 жылында Кабулды басып алып, талибтер өкімет басына келді. Мохаммад Омар «мұсылмандар билеушісі» титулына ие болып, Шуру (кеңес) органын басқар ды. Ауған жерінде қатаң Исламдық саяси құрылыс пен өмір салты енгізіле бастады. Әйелдерге түгелдей паранжа кию міндеттелді. Тырнақ бояғандардың саусағы кесілетін болды. Радио мен теледидар таралымы тоқгатылды, музыка тыңдауға, Батыс әдебиетін оқуғатыйым салынды. Мәдени салала талибтердің Исламға қарсы дүниемен күресі Бамиан аңғарындағы Будданың алып ескерткіштерін күйретумен шетіне жетті.

II-V ғасырларда жасалған 38,53 метрлік биік ескерткіштер БҰҰ, Ислам конференциясы ұйымы отініштеріне қарамастан талқандалды.

2001 жылында шығарылған жарлық бойынша ауған ерлеріне Батыс үлгісімен шаш қоюға, сақал қыруға тыйым салынды. Исламнан өзге дінді уағыздауға қатаң шек қойылды. Жезөкшелік, зинақорлық, гомосексуализм үшін өлім жазасы белгілейді.

2003 жылында АҚШ пен оның одақтастары Ауғанстанға басып кіріп, елдегі 19 Талибан Қозғалысын биліктен тайдыр ды. Алайда АҚШ әскері талибтерді толық талқандай алмады.

<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub