Талас (қала)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен Үлгі:Мағына ТаласҚырғызстандағы облыстық маңызы бар қала, Талас облысы және ауданының әкімшілік орталығы.

Географиясы

Сурет:Stamp of Kyrgyzstan talas2 b.jpg
Пошта маркасындағы Таластағы Манас күмбезі (кесенесі)

Талас аңғарының солтүстік-шығыс бөлігінде, теңіз деңгейінен 1280 м биіктікте, Талас өзенінің алқабында, Қырғызстан астанасы Бішкек қаласынан 360 км батысқа қарай, Жамбыл (Қазақстан) темір жол станциясынан 90 км шығысқа қарай және Бішкек — Ош тас жолынан 90 км батысқа қарай орналасқан.

Климаты

Климаты континенттік, қуаң. Ең жоғары орташа айлық температура шілдеде байқалады және +30...+35 °С құрайды, ең төменгі орташа айлық температура қаңтарда және -15...-25 °С құрайды. Жылдық жауын-шашын нормасы шамамен 300-400 мм.

Халқы

Халық саны — 35 200 адам (2015)<ref name="Этно2009.Талас">Қырғызстан халқының санағы 2009.</ref>.

Халықтың ұлттық құрамы: қырғыздар — 29 288 адам (88,9 %), орыстар — 2127 адам (6,6 %), өзбектер — 435 адам (1,3 %), украиндар — 239 адам (0,7 %), немістер — 214 адам (0,6 %), түріктер — 158 адам (0,5 %), қазақтар — 155 адам (0,5 %)<ref name="Этно2009.Талас">Қырғызстан халқының санағы 2009.</ref>.

Тарихы

Қала 1877 жылы орыс қоныс аударушыларымен Талас аңғарының орталық бөлігінде, Талас өзенінің сол жағалауында, Шығыс Түрік Қағанаты кезіндегі ежелгі қоныстың орнында, теңіз деңгейінен 1200 м биіктікте құрылды. Бұрын Дмитриевка деп аталды. 1944 жылы қала статусын алды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Kyrgyzstan-geo-stub Үлгі:Қырғызстанның әкімшілік бөлінісі