Сәуле Әбдіразаққызы Жолдасбекова
Үлгі:Ғалым Сәуле Әбдіразаққызы Жолдасбекова — педагогика ғылымының докторы (2006), профессор (2009).
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1963 жылы 12 қыркүйекте қвзіргі Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Келес ауылында туған.
Шымкент педагогикалық институтын (1986, қазіргі Халықаралық қазақ-түрік университеті) бітірген.
1989 жылдан жоғары оқу орнында оқытушы, бүгінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде (қазіргі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті) кафедра профессоры.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Жоғары оқу орындарында болашақ еңбек технологиясы жəне кəсіпкерлік мұғалімдерін кəсіби даярлау" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
192-ден астам ғылыми еңбектің авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>
Марапаттары
- "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" гранты иегері (2007);
- "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" ғылыми атағының иегері (2012).<ref>Жолдасбекова Сауле Абдразаққызы</ref>