Сәуле Ауғанбайқызы Қалиева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Сәуле Ауғанбайқызы Қалиева — экономика ғылымының докторы (2012), доцент (2009), профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.

Өмірбаяны, еңбек жолы

1965 жылы 20 мамырда Алматы қаласында туған.

Алматы халық шаруашылығы институтын (1986, қазіргі Нархоз университеті) және Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Экономика Институтының аспирантурасын (1997) бітірген.
Қазақ КСР Байланыс министрінде телеграф, инженер (1986-90). Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Экономика Институтында кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер (1997-2012), Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі экономика институтында ғылыми хатшы (2003-2011) қызметтерін атқарған. 2012 жылдан Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика Институтында бөлім меңгерушісі.

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Ұлттық экономикалардың ынтымақтастығы және олардың интеграциясын күшейту: теориясы, әдіснамасы, келешегі (Қазақстан және Ресей үлгісінде)" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
60-тан астам ғылыми еңбектің авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Марапаттары

  • ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының Құрмет грамоталары (2011, 2013, 2022);
  • ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының 60-жылдығына орай Алғыс хат (2012);
  • Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржылық университетінің Құрмет грамотасы – Мәскеу қаласы, Ресей (2015);
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы (2016, 2017, 2018);
  • Қазақстан Республикасы "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (22 желтоқсан 2022 ж).<ref>Қалиева Сәуле Ауғанбайқызы.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер