Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі экономика институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі экономика институты еліміздің экономика саласындағы негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін жетекші мекеме болып табылады. 1952 жылы құрылған. Қазіргі таңда институт Қазақстандағы нарықтық экономиканың қалыптасуы мен тиімді қызметінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іргелі және іргелі-қолданбалы ғылыми-зерттеулер жүргізеді. Институтта Ұлттық ғылым академиясының 1 акад., 20 ғылыми доктор, 35 экономика ғылыми кандидат, барлығы 80 адам қызмет етеді. Институттың негізгі қызметі іргелі зерттеулер бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. 2000 жылдан бастап институт 3 тапсырыс бойынша 16 тақырыпты, оның ішінде өзге ұйымдармен бірлесіп орындалатын 7 тақырыпты қамтитын «Экономикалық және инновациялық-технологиялық өсімнің теориялық негіздері мен механизмдері» бағдарламасы бойынша жүргізілген зерттеулердің жетекші мекемесі болып табылады. Сөйтіп, институт тек қана өз тақырыптары бойынша ғана емес (конкурстан өткен), сонымен қатар Қазақ экон. институты жанындағы Қаржы-банк менеджменті ғылыми-зерттеу институттарымен, Қарағанды мемлекеттік университеті жанындағы Нарықтық қатынастар институтымен, Қазақ ұлттық аграрлық университетімен, Қазақстан даму институтымен бірлесе отырып, іргелі зерттеулер бағдарламалары шеңберінде жұмыс жасады. Институт өз зерттеулерінің қорытындыларын ел шаруашылығында қолдануға белсенді түрде енгізіп келеді. Институт қызметкерлері мемлекеттік бағдарламалар және тұжырымдамалар жасауға қатысып, экономикалық үйлестіру мен өзге де түрлі экономика жағдайларға байланысты құқықтық актілер мен заңдарға ғылыми сараптама жүргізеді. Олар ұсынған материалдар жоғары практикалық бағытымен мемлекеттік билік органдары тарапынан сұраныстарға ие болып келеді. Бұлардан басқа, Экономикалық институты түрлі тапсырыстар мен гранттар және ізденіс тақырыптары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу қорытындылары бойынша монографиялар мен брошюралар, ғылыми еңбектер жинағы мен жыл сайын жас ғалымдар еңбектеріне арналған жинақтар шығады. 1997–2000 жылдар аралығында барлығы 590 жұмыс баспаға дайындалып, жарық көрді. Экономика институты жоғары білікті мамандарды даярлаумен қатар, мамандарды қайта даярлықтан өткізіп отырады. Мұнда 6 мамандық бойынша аспирантура және докторантура жұмыс істейді. Тұтастай алғанда, институттың ғылыми және ұйымдық жұмыстары нарықтық экономикаға өту тәжірибесіне, оның методологиясы мен теориясына бағыттала отырып, «Қазақстан-2030» стратегиясының негізгі басымдылықтарына сәйкес келешекте еліміздегі орнықты экономика дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}