Сәбит Әбдімүтәліұлы Әбдіқалықов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Сәбит Әбдімүтәліұлы Әбідқалықов (1 тамыз, 1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында туған) — актер. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (2000). «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2008). Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры (2015 жылдан).

Толығырақ

Еңбек жолы

  • 1996 – 1999 жылдары “Бауыржан-шоу” әзіл-сықақ театрының актер
  • 1999 – 2003 жылдары “Тамаша” сатира театрының актер
  • 2003 жылдан “Мафия мен Тақия” әзіл-сықақ театрының актер
  • 2006 – 2007 жылдары “Қазақ әуендері” АҚ филиалының “Қазығұрт” эстрада театрының жетекшісі
  • 2008 – 2012 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының шығармашылық орталығының жетекшісі
  • 2008 – 2011 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының аға оқытушы
  • 2012 – 2013 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор міндетін атқарушысы
  • 2013 жылы ОҚО Мәдениет басқармасының «Оңтүстік-Цирк» МКҚК директоры
  • 2013 жылы Қазақстан эстрада әртістер одағының Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша басшысы болды.
  • 2015 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызыметін атқарады.

Мемлекеттік марапаттары

Отбасы

  • Бірінші жары: актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Иманбаева
  • Екінші жары: әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева
  • Балалары: 1 ұл, 4 қызы бар.