Сәбит Құрманбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәбит Құрманбеков

1960 жылы 1 қыркүйекте Талдықорған облысы Қарабұлақ ауданы Шұбар ауылында туған. Қазақ.

Анасы - Құрманбекова Сексенбала, зейнеткер, мұғалім болып жұмыс істеген.

Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының көркемөнер факультетін (Мәскеу қаласы , 1990), кино және телевидение қоюшы-суретшісі; С. Соловьевтің курсын бітірген. «Рисуя, играя, снимая...» кітабының авторы (2000).

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1980 жылдан - «Өнер» Алматы көркемөнер комбинатының безендіруші-суретшісі. 1986 жылдан - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Республикалық шығармашылық-өндірістік бірлестігінің фильмдерін түсіруге қатысқан. 1990 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» республикалық шығармашылық-өндірістік бірлестігінің (қазіргі - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ) қоюшы суретшісі.

«Полторы штуки» (1987), «Соңғы аялдама» (1989), «Сұржекей - Өлім періштесі» (1991), «Кардиограмма» (1995), «Ақсуат» (1998), «Три брата» (2000) және тағы басқа фильмдердің қоюшы суретшісі. «Соңғы көш» деректі фильмінің режиссері (М. Мусинмен бірге, 1999).

ҚР Кинематографистері одағының мүшесі (1992 жылдан).

Әскери атағы - аға сержант.

Діни көзқарасы - пәрменсіз атеист.

Саяси қайраткер ретінде идеалы - Абылай хан, Д. Сяопин.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Үміттендіреді.Парламенттік басқару. Сену оңай емес, дегенмен, жемқор- лық жойылады».

Хоббиі - қыл қалам туындылары, сызба, деректі кинофильм.

Сүйіп оқитын әдебиеті - классика, тарихи романдар, тарих.

Үйленген. Жұбайы - Құрманбекова Мағрипа Сәкенқызы (1967 жылы туған), үй шаруасымен айналысады. Ұлдары - Құрманбеков Құрманғазы (1994 жылы туған), Құрманбеков Әділет (1998 жылы туған); қызы - Құрманбекова Алуа (2004 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub