Сұлухан Әшірапқызы Мыңбаева
Үлгі:Жазушы Мыңбаева Сұлухан Әшірапқызы (29 наурыз 1977, Келес ауданы, Жуантөбе) — қазақстандық ақын-жазушы, аудармашы, Қазақстан жазушылар одағы мүшесі.
Өмірбаяны
1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы Жуан-төбе елдімекенінде дүниеге келген. Педагогика саласының маманы. ШӘПУ-дің «Қазақ тілі мен әдебиеті» бөлімін тәмамдаған. Еңбек жолын 1995 жылдарда кітапхана саласынан бастаған. 2018 жылдан бастап аудандық "Сарыағаш" қоғамдық саяси газетінің тілшісі болып қызмет етеді. Бірнеше аңыз хикаялар мен этнографиялық әңгімелер, мақалалар жазушысы. «Кәусар сезім», «Күнгей қызы», «Алтын арқау» кітаптарының авторы. Ақын, жазушы, аудармашы, тілші. Отбасылы, бес баланың анасы, үш немеренің әжесі.
Марапатары
- 2017, 2021 жылдардағы (екі рет) Сарыағаш ауданының «Үздік Ақыны»
- 2016—2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында өткен "Шежірелі Оңтүстік", " Қазыналы Оңтүстік " облыстық байқауларының жүлдегері.
- 2021 жылы Россияның " ЗОЛОТОЙ ПЬЕРО РУСИ" арнайы Алғыс хатын алған,
- 2021 жылы Германияның "GERMANIA GOlDEN GRAND" сыйлығын алған,
- 2021 жылы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың арнайы Алғыс хатымен марапатталған.
- 2022 жылы Президент Қ.Тоқаевтың арнайы Алғыс хатымен марапатталған. Елеулі еңбектері үшін басқа да мекемелер мен әкімшілік тараптарынан құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталған.
Шығармашылығы
Өлеңдері мен әңгімелері Республикалық "Ақиқат", "Таңшолпан " журналдарына, "Отан сақшысы", " Мерейлі мекен", "Көкше тынысы",«Шымкент келбеті»,«Сарыағаш»,«Келес келбеті» басылымдарында, облыстық, аудандық газеттерде жарияланған.
Одан бөлек, жырлары Шота Аман Нұғманұлының тікелей бастамасымен жарық көрген, республикалық деңгейдегі "Хан Кене" энциклопедиясына енген, Бір топ таңдамалы өлеңдері облыстық "Тәуелсіздік тебіреністері", "Шырайлы Шымқала", "Ақбура әулие", "Қырық қыз әпсаналары" жыр жинақтарына енген.
Өзге тілдерден ондаған кітаптарды аударған. Атап айтқанда, Парсы жазушысы Сағди Шеразидің "Гүлістан" кітабын, өзбек ақыны Ануар Обиджанның "Мешпалуан"кітабын, Ораз Хайдардың "Ақ көлеңке" кітабын және шет ел және басқа да бірқатар жазушылардың өлең жолдарын өз ана тілімізде сөйлеткен.