Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов (12 ақпан 1965 жыл, Астрахан облысы) — қазақстандық әскери қайраткер, 2024—2026 жылдар аралығында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы.
Өмірбаяны
1965 жылғы 12 ақпанда Астрахан облысы Володар ауданы Зеленга ауылында дүниеге келген.
1982 жылғы тамыздан 1986 жылғы шілдеге дейін Ташкент жоғары танк командалық училищесінің курсанты.
1994 жылдың шілдесінен 1997 жылдың шілдесіне дейін бронетанктік әскерлер әскери академиясының тыңдаушысы.
Қызметін ГСВГ танк дивизиясы гвардиялық танк полкінің танк взводының командирі болып бастады.
1986-2005 жылдар аралығында штаб бастығы — танк батальоны командирінің орынбасары, танк батальоны, танк полкі командирі, штаб бастығы — механикаландырылған дивизия командирінің орынбасары, механикаландырылған бригада командирі лауазымдарынан өтті.
2006 жылғы қарашадан 2008 жылғы қаңтарға дейін — "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы штабы бастығының орынбасары.
2008 жылғы қаңтардан 2008 жылғы тамызға дейін — "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары.
2008 жылғы тамыздан 2010 жылғы маусымға дейін — Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы Әскери академиясының тыңдаушысы.
2010 жылғы шілдеден 2012 жылғы тамызға дейін — өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары — "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы штабының бастығы.
2012 жылғы тамыздан 2013 жылғы маусымға дейін — өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары — "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы штабының бастығы болды.
2013 жылдың маусымынан 2016 жылдың 15 қарашасына дейін — "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы.
2016 жылдан - ҚР ҚМ Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары.
2019 жылғы 18 қазанда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болып тағайындалды.
2020 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен генерал-лейтенант әскери атағы берілді.<ref>Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптарын беру туралы</ref>
2021 жылғы қарашада Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2024 жылғы қаңтарда ол Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қарулы Күштер Бас штабының бастығы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2026 жылғы қаңтарда лауазымынан босатылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Марапаттары
- ІІ-дәрежелі "Даңқ" ордені (2017)<ref>Кого наградил Нурсултан Назарбаев</ref>
- Мерейтойлық медальдар
- Еңбек сіңірген жылдары үшін медальдар