Сұлтанғали Қадырғалиұлы Лұқпанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сұлтанғали Қадырғалиұлы Лұқпанов (1926 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңажол ауылы) -күйші, композитор.

1952 - 1954 жылдары Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) оқыған. 1954 - 1967 жылдары Ақтөбе облысы филармониясында концерттік бағдарлама жетекшісі, Чапаев ауданы мәдениет үйінің директоры болды. Лұқпанов 300-ге жуық ән мен күйдің авторы. "Жапада тұр жалғыз ағаш", "Ерлердің өшпес ерлігі", "Ұмытпаңдар, адамдар", "Б.Момышұлының толғауы", т.б. әндері белгілі. 1973 ж. Алматы облысы филармониясы жанынан отбасылық ансамбль ұйымдастырып, шығарм. сапармен шет елдерді аралаған. 1974 жылы "Қазақтелефильм" студиясы "Лұқпановтар отбасы" атты деректі фильм түсірді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}