Қазақтелефильм

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қазақтелефильм – экрандық-шығармашылық ұжым. Кезінде Қазақстан мемлекеттік телерадио комитетіне қараған киностудия. Деректі хроникалық, көркем суретті, ғылыми-көпшілік, мультфильмдер мен музыкалық киноконцерттер түсірілімен айналысқан. Шығармашылық кәсіпорын 1967–1992 жылдар аралығында екі мыңнан астам өнімін телеэкранға шығарған.

Тарихы

1967 жылы Қазақ телевизиясының әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясы жанынан телефильм жасайтын бөлім ретінде ашылған, кейін осының негізінде «Қазақтелефильм» болып құрылды. Ресми түрде 1969 жылы негізі қаланды (1994 жылдан бастап «Қазақстан» телерадиокорпорациясы құрамында).

Студия 1967 – 1992 жылдары екі мыңнан аса телефильм түсіріп, экранға шығарды.

1993 жылы «Қазақтелефильм» студиясын мемлекеттік қаржыландыру тоқталғаннан кейін, кинотаспаға фильм түсіру ісі тоқтатылды. Студияға бейнетехнологиялық құралдарды (видео) пайдаланып, фильм жасау міндеті қойылды. Осы кезеңнен бастап «Қазақтелебейнефильм» деп аталған студия «19 ғасыр басшысы» деген айдармен 10 деректі фильм-портреттер сериясын жасады. «Күлпаш» атты көркемсуретті фильм түсірді және әр түрлі тақырыпта 12 бейнефильмді экранға шығарды. Сонымен қатар, басқа студиялар түсірген 14 мультфильмді қазақ тіліне аударды.

2002 жылы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Телефильм» шығармашылық бірлестігі ашылды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Құрылымы мен бағыттары

«Қазақтелефильм» студиясының құрылымында екі шығармашылық бірлестік болды:

  • «Хроника» шығармашылық бірлестігі — телевизияның барлық редакцияларына 16 мм кинотаспаға күнделікті кинотүсірілімдер жасаумен айналысты;
  • «Шығармашы» өндірістік бірлестігі — кино мен концерттік бағдарламалар түсірумен айналысты.

Студия төрт шығармашылық сала бойынша кинотуындылар жасады:

  1. Деректі телефильм;
  2. Көркем және анимациялық фильмдер;
  3. Театрды экрандау;
  4. Киноконцерттік бағдарламалар жасау.

Шығармашылық ұжымы

Фильм жасау ісіне белгілі отандық режиссерлер тартылды:

Студияның бас операторы Еркін Тынышбаев болды. Сондай-ақ жұмысқа Георгий Смирнов, Алексей Федулов, Юрий Дубровин секілді мамандар шақырылды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Жетістіктері

«Қазақтелефильмнің» шығарған кинотаспалары телевизиялық фильмдердің Бүкілодақтық фестивальдерінде әлденеше рет жүлделі орындарға ие болды:

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:ҚҰЭ Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті