Сүлеймен таулары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сүлеймен ТауларыИран таулы қыратының шығысындағы, Пәкістан жеріндегі тау жүйесі. Ұзындығы 600 км, ені 350 км-дей, орташа биіктігі 2000 – 2500 м. Ең биік жері Обашта-Цукай немесе Тахте-Сулейман (“Сүлейменнің тағы”, 3441 м) шыңы. Тау жоталары негізінен меридиан бағытында орналасқан, батысқа қарай ендік бағыттағы жоталар тармақталады. Оңтүстікке қарай тау жоталары төбесі тегістелген ауқымды таулы үстірттерге айналады. Жоталар аңғарлармен күшті тілімделген. Негізінен әктас пен құмтастан түзілген. Сүлеймен тауларына тропиктік құрғақ климат тән. Таудың батыс беткейі құрғақ шөлейтті, шығыс беткейі Үнді мұхитынан келетін муссондар әсерінен саванна, сирек ормандар белдеміне ауысады. Онда емен, пісте ағаштары, тау басына қарай арша басым өседі. <ref>Қазақ энциклдопедиясы 8 том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сүлеймен таулары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}