Сыптығыр функция

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сыптығыр функция - аргументінің әрбір мәні сыптығыр нүкте болатын функция. Сыптығыр функция үзілісті болуы да мүмкін. Егер сыптығыр функция интервалда үзіліссіз болса, онда оның дифференциалданатын нүктелер жиыны осы интервалда тығыз және континуум қуатты болады. Сандар өсінде үзіліссіз, сыптығыр, бірақта осы өстің барлық жерінде дерлік дифференциалданбайтын функциялар бар. Сыптығыр функция әрбір төңіректік экстремум нүктелерінде туындысы бар болады, сондықтан сыптығыр функция үшін дифференциалды қисаптаудың негізгі теоремалары орындалады. Олар: Ролль, Лагранж, Коши, Дарбу т.б. теоремалар.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Математика / 0-71 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл. - 192 б. ISBN 9965-08-339-8</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}