Сан
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сан — математиканың негізгі ұғымдарының бірі. Қарапайым түрде алғашқы қоғамдарда-ақ пайда болған, кейін бірте-бірте қолданыс аясы кеңейіп әрі жалпыланды. Кейбір заттарды санауға байланысты бүтін оң (натурал) Сан дар ұғымы, кейіннен Сандардың натурал қатарының (1, 2, 3, 4, …) шексіздігі туралы идея пайда болды. Сан ұғымының алғашқы кеңеюі — натурал Сандарға бөлшек Сандардың қосылуы болды. Ол ұзындықты өлшеу, ауданды табу, сондай-ақ, атаулы шамалардың үлесін бөліп шығару қажеттілігіне байланысты қолданысқа енгізілді. Теріс Сандар арифмет. есептерді шешудің жалпы тәсілдерін беретін алгебраның ғылым ретінде дамуына байланысты шықты. Бүтін, бөлшек (оң және теріс) және нөл сандары рационал сан деп аталды. Айнымалы шамалардың шексіз өзгеруін зерттеу үшін Сан ұғымы кеңейтіліп, нақты сандар жиынтығы пайда болды. Шамалардың қатынасын (мыс., квадрат диагоналының оның қабырғасына қатынасы) дәл өрнектеу қажеттігі иррационал сандар ұғымын енгізуге себепші болды. 16 ғ-да квадрат және куб теңдеулерді шешуге байланысты жорымал сандар ұғымы енгізілді. Сан ұғымы дамуының соңғы кезеңі комплекс Сандардың енгізілуі болды. Бұл идея 16 ғ-да 3- және 4-дәрежелі алгебр. теңдеулердің шешімін табуға байланысты пайда болған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>
Сандардың мынандай түрлері бар:
- Дағдылы сандар — дағдылы сандар жиынын <math>\mathbb{N}</math> деп белгілейді.
- Бүтін сандар — бүтін сандар жиынын <math>\mathbb{Z}</math> деп белгілейді.
- Тиімді сандар — тиімді сандар жиынын <math>\mathbb{Q}</math> деп белгілейді.
- Рабайсыз сандар — рабайсыз сандар жиынын әдетте <math>\mathbb{I}</math> деп белгілейді.
- Нақты сандар — нақты сандар жиынын <math>\mathbb{R}</math> деп белгілейді. Нақты сандардың өздері алгебралық және трансценденттік болып бөлінеді.
- Терім сандар — терім сандар жиынын <math>\mathbb{C}</math> деп белгілейді. Бұдан әрі кватерниондарға содан кейін октав болып күрделенеді.
Реті бұлай болады: <math>\mathbb{N}\subset \mathbb{Z}\subset \mathbb{Q}\subset \mathbb{R}\subset \mathbb{C}\subset \mathbb{H}\subset \mathbb{O}</math><ref>Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.
«Сөздік-Словарь», 2005. ISBN 9965-409-88-9</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3</ref>
Кемел сан
К. С. - өзінің бүтін (яғни өзінен кіші) бөлгіштерінің косындысына тең бүтін оң сан. Мысалы, <math>~6</math> саны өзінің бөлгіштерінің <math>~1+2+3</math> қосындысына тең, яғни <math>~6=1+2+3. 28=1+2+4+7+14.</math> Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда Евклид жүп кемел сандарды <math>~2^{p-1}\left( 2p-1\right)</math> формуласымен анықтауға болатынын білген, текр мен <math>~2^{p}-1</math>сандарының жай сандар болуы шарт. Осы әдіспен 1987 жылға дейін барлығы <math>~27</math> жүп кемел сан анықталған. <math>~496</math> жөне <math>~8128</math> сандары — кемел сандар. Тақ кемел санның болу немесе болмау мәселесін шешем деушілерге сәттілік тілеймін. Ғалымдардың болжауынша <math>~1</math>-ден <math>~10^{50}</math> дәрежесіне тең натурал сандар аралығында мұндай кемел сандардың кездеспеуі ықтимал.<ref name="ReferenceA">"Математикалық ойашар", "Қазақ энциклопедиясы" Алматы, 2009 ISBN 9965-893-25-X</ref>
Қарама-қарсы сандар
ҚAРАМА-ҚAРСЫ САНДАР — қосындысы нөлге тең болатын екі сан, <math>~a + (-a) = 0. </math>Мысалы, <math>~7</math> және <math>~-7</math>, <math>~\sqrt{3} </math>және — <math>~\sqrt{-3} </math> ,<math>~ 2 - i</math>және<math>~ -2 + i </math>карама-қарсы сандар. <math>~0</math>-дің; (нөлдің) қарама-қарсы саны <math>~0</math> (нөл). Қарама-қарсы сандар комплекс сандар жазықтығында нөлге қатысты симметриялы нүктелермен белгіленеді. Дербес жағдайда, нақты карама-қарсы сандар сан осінде, санақтың бас нүктесіне, яғни нөлге қатысты симметриялы түрде бейнеленеді.<ref name="ReferenceA"/>
Құрама сан
Құрама сан-жай сан болмайтын, яғни 1-ден және өзінен де басқа бөлгіштері болатын натурал сан. Мысалы, 4, 18, 105, т. Б. Құрама сандар. Әрбір құрама санды бір ғана тәсілмен жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде өрнектеуге болады.<ref name="ReferenceA"/>
Оң сан
Оң сан - нөлден үлкен (a>0) нақты сан(a). Оң сандар - сан түзуінің бойында санақ бас нүктесінің оң жағында (яғни нөлдің оң жағында) жататын нүктелермен бейнелененеді.
Пайдаланылған cілтемелер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}