Сыбанбаев Серікхан Құмариянұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сыбанбаев Серікхан Құмариянұлы (28.11.1928, Қырғызстан, Бішкек – 6.11.1996, Алматы) – зоолог-ғалым, биология ғылымдарының докторы (1969), профессор (1970), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1993).

Жыл Оқиға
1949 ж. Қырғыз ауыл шаруашылық институтын бітірген
1952 ж. Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының аспирантурасын бітірген
1952 – 82 ж. Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының Зоология институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, протозоология лабораториясының меңгерушісі
1982 жылдан өмірінің соңына дейін ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) профессор қызмет атқарды

Жетістіктері

Негізгі ғылыми еңбектері паразитология және протозоология мәселелеріне арналған. Сыбанбаев С.Қ. мал және үй құстары кокцидиоздары мен қан паразит ауруларынан арылу шараларының (емі, сақтық шаралары) ғылыми негіздерін жасады. Жабайы жануарларда болатын кокцидияны (клеткаішілік паразиттер) зерттеді. Оның басшылығымен республиканың ландшафтық-географиялық белдемдеріне арнайы экспедициялар ұйымдастырылды. 4 монографиясы мен 150-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген.

Шығармалары

  • Кокцидиозы сельскохозяйственных животных Казахстана, А.-А., 1977;
  • Кокцидии диких животных Казахстана, А.-А., 1979;
  • Лечение и профилактика кокцидиозов домашних птиц, А.-А.,1983.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub