Суық шөл далалар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адамдар «шөл дала» деген сөзді қолданғанда, суық шөл далалардың ыстық пен құрғақ жерлерден анағұрлым өзгеше екенін білгені жөн. Суық шөл далалар Антарктидада, Гренландияда және Арктикада бар. Суық және ұзақ қыс кезінде қар түсіп, орташа температура қату деңгейіне дейін жетеді. Кейде көшіп-қонатын бұғы қыс кезінде қыстап қалады. Жазғы уақытта температура +20 градусқа дейін көтеріледі. Топырағы тұзды, лайлы және қалың болғандықтан, мұнда адамдар сирек қоныстанған. Суық шөл далалардың әлемге әйгілілеріне мыналар жатады: Гоби шөл даласы, Айдахоны басқан Үлкен алап, Невада, Орегон және Утах, Ирандағы Иран шөл даласы, Ауғанстан мен Пәкістан, Қытайдың батысындағы Такла Макан, Түркістанның орта шығыс бөлігі және Ресейдің оңтүстік-батыс бөлігі. Гоби шөл даласы Қытайдың солтүстік бөлігінде орналасқан. Ол 724 050 шаршы шақырымды басып жатыр. Тундра «Мұз шөл даласы», «Қатқан прерия» және «Суық жазық» деген аттармен танымал. Бұл шөл далалар ызғарлы қыста жауатын мол қарымен, жаңбырымен және жаз айларында ауық-ауық жауатын нөсерлі жаңбырымен ерекшеленеді. Өсімдіктері кеңінен шашырап өскен. Кеңінен тараған аңдары – орқоян мен кенгуру-көртышқандар.


Дереккөздер

Балаларға арналған танымдық энциклопедия "Шөлдер"