Соттар кеңесінің құпиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Соттар кеңесінің құпиясы - іс жүргізу құқығында — заңды, негізделген және уәжделген сот шешімін немесе үкімін шығару қаулысының аса маңызды шарты, соттардың тәуелсіздігінің кепілдігі және олардың тек қана заңға бағынуы. Сот үкімді сотқа қандай болмасын ықпал ету мүмкіндігін болдырмайтын жағдайда кеңесу бөлмесінде шығарады. Үкім шығару кезінде кеңесу бөлмесінде осы іс бойынша соттың құрамына енетін судьялар ғана болады. Өзге адамдардың, соның ішінде запастағы судьяның болуына жол берілмейді. Жұмыс уақыты аякталған соң, сондай-ақ жұмыс күні ішінде сот (судья) демалу үшін кеңесу бөлмесінен шығып, үзіліс жасауға құқылы. Судьялардың талқылау және үкім шығару кезінде орын алған пайымдауларды жария етуге құқығы жоқ.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Заң {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}