Сонабай жер асты мешіті
Үлгі:Мешіт Сонабай жер асты мешіті және қорым (VIII-XX ғғ.) – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген діни сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Маңғыстау ауданы, Үштаған ауылынан шығысқа қарай 7 км қашықтықта орналасқан.
Мешіт сипаты
Мешіт әктасты мүйістен ойып қашалған; бір-біріне жалғасқан кең үш бөлмеден тұрады. Мешіттің оңтүстік-шығысында кіреберіс есігі, ал оңтүстік-батысындағы ойығы шығатын есігі саналған. Мешіттің жалпы биіктігі 4,7 м, бөлмелерінің ұзындығы 6 м-ге дейін, ені 2,6 м, орташа биіктігі 2,5 м; кіреберіс бөлменің батыс жақ қабырғасында адам сиятындай қуыс ойылып жасалған және оның жиегіне ою-өрнектер қашалып түсірілген, төбесінде жарық түсетін ойық сақталған.
Сонабайдың (XIX ғасырда өмір сүргендігі) көріпкелдігі, кісі емдегені туралы мәліметтер бар.
Облыс әкімінің 2005 жылғы ғ35 қаулысымен жер асты мешіті жергілікті дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>
Қорым сипаты
Қорымда 100 шақты жерлеу орны бар. Аумағы 2 га қорымның ежелгі жағында 1 күмбезтам, 3 сағанатам және кіші пішінді нысандар орналасқан. Қойтаспен құлпытас композициялары жиі кездеседі. Құлпытаспен қойтастарда эпиграфика, тұрмыс құралдары, аяқ-киім, ыдыс-аяқ бейнелері бар. Аз өңделген тастардан жасалған тас қоршаулар және өңделген тақта-тас етіп жасалған сандықтастар сақталған. Нысандарда жануарлардың және адай руының таңбалары бейнелеулері көп. Олардың ішінен тіркеуге 23 нысан алынды. Қорым көлемі – 0,8 га.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>