Үштаған (Маңғыстау облысы)
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына
Үштаған — Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы ауыл, Ақтөбе ауылдық округі орталығы.
Мазмұны
Географиялық орналасуы
Аудан орталығы - Шетпе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 65 км жерде, Бостанқұмының солтүстік-батыс етегіндегі жазықта орналасқан<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том</ref>.
Тарихы
Іргесі 1969 ж. ұжымшар негізінде ұйымдастырылған қаракөл қой кеңшарының орталығы есебінде қаланған. 1996 жылдан кейін кеңшардың таратылуына байланысты оның негізінде Үштағанда және округтегі Жарма, Сазды ауылдарында бірнеше шаруа қожалықтары құрылды<ref name="source1"></ref>.
Халқы
Тұрғыны:
- 1552 адам (786 ер және 766 әйел адам) (1999)<ref name="source2">- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том</ref>;
- 1325 адам (690 ер және 635 әйел адам) (2009)<ref name="source2"></ref>;
- 1670 адам (2014).
Инфрақұрылымы
Үштағанға Сауысқан темір жолы айырмасынан тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ұзын 30 км су құбыры тартылған. Үштаған арқылы Шетпе — Жаңаөзен автомобиль жолы өтеді<ref name="source1"></ref>.
Тарихи ескерткіштер
Округ аумағында Масат әулие қорымы сақталған<ref name="source1"></ref>.
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Маңғыстау ауданы елді мекендері