Солтүстік Қаражамбас мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Солтүстік Қаражамбас мұнай кен орны - Тұран тақтасының Оңтүстік Бозащы ойысымының солтүстік-батыс шетіндегі мұнай кен орны. Маңғыстау облысында, Ақтау қаласынан солтүстікте 185 км жерде орналасқан. Кен орны 1984 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы

Құрылым оңтүстігі мен оңтүстік-батысынан тектоникалық бұзылыстармен шектелген Оңтүстік-Батыс және Солтүстік-Шығыс жартылай қиылған көтерілімдерден тұрады. Ортаңғы юраның бат жікқабатында екі жатын белгілі болды. Бұлардың жатыс тереңдігі 548-659 м.

Жатыс сипаты

Құмтастардан құралған жинауыштар кеуекті, олардың ашық кеуектілігі 28%, өтімділігі 0,098 мкм2. Мұнайға қанығу коэффициенті 0,63, мұнайға қаныққан қалыңдығы 2,6-3,7 м. Қалыңдығы 5 және 11 м-лік сазды таужыныстар жапқыш рөлін атқарады. Оңтүстік-батыс көтерілімдегі негізгі жатынның мұнайлы бөлімінің биіктігі 30,4 м. Жартылай қиылған төбелер екі блокқа бөлінген, осының салдарынан әр блок жатындарының өз биіктіктері және су-мұнай жапсарының өз деңгейлері бар. Солтүстік-Шығыс көтерілімнің негізгі жатынындағы мұнайлы бөлігінің биіктігі 25 м Оңтүстік-Батыс төбедегі жатынның мұнайлы бөлігінікі 6,4 м.

Құрамы

Кенорын мұнайының тығыздығы 940 кг/м3, физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы жағынан Қаражамбас кен орнының мұнайларына ұқсас. Жатындардағы бастапқы қойнауқаттық қысым 6,1 Мпа-дан 7,4 Мпа-ға дейін өзгереді, температура 29-31 °С, мұнайдың шығымы 1,2-5,5 м3/тәу. Хлоркальцийлі типті қойнауқаттық сулардың тығыздығы 1,095 г/см3 минералдылығы 95 г/л. Жатындардың режим суарынды. Кен орнында жұмыс 1985 жылдан бері тоқтатылған.ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер