Қойнауқаттық қысым

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қойнауқаттық қысым - Өнімді жинауыш-қойнауқат құрамындағы мұнайдың, газдың, судың орналасу қысымы. Оның мәнін флюидтердің серпінді сығылу және олардың, яғни флюидтердің, тау жыныстарының қаққасын серпінді қысу дәрежесі сипаттайды.

Тоғыту белдеміндегі қойнауқаттық қысым

Жұмыс істеп тұрған тоғыту ұңғымалары орналасқан белдемдегі қойнауқаттық қысым. Оның мөлшері әр түрлі өлшемдердің орташа арифметикалық мөлшері түрінде немесе изобаралар картасы көмегімен анықталған тоғыту ұңғымаларына іргелес орналасқан үлескілерге тиесілі орташа салмақтанған мөлшер ретінде анықталады.<ref name=s1>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов, 2000 жыл. — 328 бет.</ref>

Өндіру белдеміндегі қойнауқаттық қысым

Игеру ұңғымалары орналасқан аудандағы изобаралар картасы көмегімен орташа салмақтанған мөлшер түрінде анықталған қысым мөлшері.

Синонимі — игеру белдеміндегі қойнауқаттың қысым.

Гидростатикалық қысымнан темен мөлшерлі қойнауқаттық қысым

Сулы жинауыш-қойнауқаттағы немесе мұнайлы (газды, мұнайгазды т.с.с.) шоғырдағы шартты гидростатикалық қысым мөлшерінен азырақ болып келетін бастапқы қойнауқаттық қысым.

Гидростатикалық қысымнан өзгеше қойнауқаттық қысым

Шартты гидростатикалық қысым мөлшерінен 30 %-дан астамға артығырақ болып келетін (сыртгидростатикалық қойнауқаттық қысым) немесе гидростатикалық қысымнан төмен мөлшерлі болып келетін, яғни 1,3 < Р қойнауқаттық қысым < 1 теңсіздігін қанағаттандыра алатын, сулы жинауыштардағы немесе мұнайлы (газды, мұнай-газды т.с.с.) шоғырдағы элизиондық суарынды жүйелерге тән бастапқы қысым.

Гидростатикалық қысымға сәйкес келетін қойнауқаттық қысым

Шартты гидростатикалық қысымға тең немесе оның мөлшерінен 30 %-дан астамға артығырақ болып келетін, сулы жинауыш-қойнауқатқа немесе мұнайлы (газды, мұнайгазды т.с.с.) шоғырға тән бастапқы қойнауқаттық қысым.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қойнауқаттық қысым|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}