Слесарская Галина Марковна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Слесарская Галина Марковна1959 жылы №1 «техникалық полиграфиялық училищесін» бітіргеннен кейін «Полиграфкомбинатқа» жұмысқа жіберіледі. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

Полиграфия ісінің қыр-сырын «Полиграфкомбинаттың» түптеу цехында жүріп үйрендім. Надежда Васильевна Руденко мен Екатерина Федоровна Мещерякова сынды ұстаздары болды.

1961 жылы тамыз айының аяғында Полиграфкомбинатқа жаңа корпус берілді. Оған түптеу цехы, кітапша жасайтын учаске, мұқаба учаскесі орналасты. Бет реттейтін машина, БТГ блок өңдейтін агрегаты, «Мартини» тігінсіз түптеу машинасы, кітап кептіретін аспалы транспортер, журнал жинақтауға арналған ВШМ сияқты құралдармен жабдықтандырылды. Түптеу цехының бастығы Ефим Абрамович Шостакиен, мекеме директоры Мелдіхан Темірғалиұлы Күзембаевпен бірге жұмыс істеді. Олар өз ісінің шеберлері, әрі абзал кісілер еді.

Мәскеу полиграфиялық институтында сырттай оқып, оны 1968 жылы бітірді. 1968 жылы мамыр айынан 1970 жылға дейін, еңбек және еңбекақы инженері, түптеу ісінің шебері болып жұмыс істеді.

1971 жылы наурыз айында «Қазақстан ЦККП баспасы» штатына ауыстырылды. Баспада 30 жыл жұмыс атқарды. Еңбек және еңбекақы ісінің аға инженерінен бастап, мекеменің бас экономисі қызметіне дейін көтерілді. «Қазақстан ЦККП Баспасы» кейіннен РГЖИ «Дәуір» болып аталды. Кеңес Одағы тарағанға дейін баспа газет және журнал шығаруға мамандандырылды.

Газет-журналдардың таралымы мен безендірілуі мекеме қызметкерлерінен технологиялық, техникалық, экономикалық тәртіпті қатаң сақтауды талап етті. Кіріс пен шығын мекеменің барлық жетістіктері мен кемшіліктерінің айнасы. Экономистер мен жұмысшыларға әрдайым қиын экономикалық мәселелерді шешуге тура келді. Сол уақыттары елімізде еңбек ақыны ұжымдық формада төлеу енгізіле бастаған еді. Біздің мекемеге де осы міндет қойылды. Еңбек бөлімі бұл тапсырманы ойдағыдай орындады. Мекеме жұмыскерлерінің 70 пайызы еңбек ақыны ұжымдық формада алумен қамтылды. Яғни бұл еңбек пен еңбек ақы өнімділігінің өсуі, жұмысшылар санының қысқартылуы, есеппен өнім өндіру операциясының қысқартылуы деген сөз еді.

Өзінің жоғары экономикалық жетістіктері үшін РГЖИ «Дәуір» ұжымы тек Республика ғана емес Одақ көлемінде де бірнеше рет марапатталды. Осы жылдары Г.М. Слесарская Мәскеу, Архангельск, Липецк, Молдавия, Өзбекстандағы полиграфиялық мекемелеріне түрлі тапсырмалармен барып тұрды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}