Сифатийа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сифатийа - сифатшылар, «тәңірлік қасиеттерді» (Аллаһ, сифаты немесе ас-сифат) танитындардың жалпы атауы. Ас-Сифат деген атаулы осы мағынасында алғаш рет мутазилашылар бұрын айтылып келген нуут сөзінің орнына қолданды. Христиандар арасындағы сияқты «Тәңірі қасиеттерге» байланысты ерте Исламда да пікір қайшылықтары туды. Мутазилашылар бастап, оны мұсылман дін ілімінің негізгі қағидасына айналдырған Тәңірінің мәні мен қасиеттері туралы мәселе басты айтыстар тақырыбы болды. Құдайлық бірлігі туралы талапты бетке ұстаған мутазилашылар «Тәңірі қасиеттерінің» өздігінен өмір сүруін теріске шығарды, оларды оның мәнінің қарапайым ғана көрінісі деп есептеді, бұл қасиеттер білуге болмайтын біртұтас белгілер. Алайда, христиан дін ғұламалары VIII - IX ғ-ларда әлемдегі «Тәңірі мәнінің» ешқандай шынайылық және өзіндік болмысы жоқ неше түрлі көріністерін «Тәңір қасиеті» деп атады.

Түсінігі

Алғашқы мұсылмандар Аллаһтың білім, ықылас, құдірет, т. б. мәңгілік қасиеті бар деп иланған. Аллаһ туралы айтыс тартыстардың тууына байланысты «Тәңірі қасиеттерінің» барлығын қорғайтын алғашқы ілімді жақтаушыларды ас-Сифатийлер деп атайтын болды. Екінші біреулер «Тәңірі қасиеттерін» «Тәңірі кұдіретінде» ғана болатын заттық белгісі жоқ идеялар деп түсінді. Бұл екі бағыт та Құран мен аңыз талаптарына жауап беріп, Құранның аспаннан түскені туралы қағиданы жақтады. Орта ғасырлардағы мұсылман доксографтары сунниттік ғалымдарды да, шииттік ғұламаларды да антропоморфистер қатарына жатқызды. Шиит-антропоморфистердің алғашқы мектептерінің бірі - зураршылар, Зурар б. Айанның (767 ж.ө.) ізбасарлары «Тәңірі қасиеттері уақыт жемісі екендігін насихаттау оны адам қасиеттеріне ұқсатты. Әл-Бағдади (1037 ж.ө.) деректері бойынша зураршыларға іле Басра мутазилакадариттері «Кудай сөзін» ал каррамиттер - Аллаһтың тілін ықыласы мен білімін уақыт жемісі деп мойындаған. Олар өздерінен бұрынғы дін ғұламаларының түсініктеріндегі дөрекі антроиоморфизмді де, «Тәңірі қасиеттерінің» өз бетінше өмір сүруінің мүмкін еместігі туралы мутазилашылардың ілімін де теріске шығарды, олардың екеуін де шектен тыс «адасушылық» деп жариялады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub