Серік Керімбекұлы Қонақбаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Серік Керімбекұлы Қонақбаев (25 қазан 1959 жыл, Павлодар) – боксшы, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері (1980), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Еуропа чемпионатының жеңімпазы (1979, 1981), Кеңес Одағының 2 дүркін чемпионы. Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) атқарушы комиететінің мүшесі (2010-2014)<ref> AIBA Executive Committee 2010-2014 </ref>, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің II және IV шақырылымдарының депутаты (1999 - 2011), Қазақстан бокс федерациясының төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі вице-президенті<ref> Руководство Казахстанской Федерации Бокса </ref>
Мазмұны
Биографиясы
Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын (1981), қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын (1984) бітірген.
Спорт карьерасы
Бокспен 14 жасынан бастап айналысқан. КСРО халықтары спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Мәскеу, 1979), екі мәрте Еуропа чемпионы (ГФР, Кельн, 1979, Финляндия, Тампере, 1981), Әлем кубогінің иегері (АҚШ, Нью-Йорк, 1979), Мәскеуде өткен 22-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері (1980), Әлем кубогінің иегері (Канада, Монреаль, 1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (ГФР, Мюнхен, 1982), КСРО чемпионы (1980, 1984). 1981-87 жылдары бапкерлік жұмыстар атқарды, коммерциялық “Қазақстан” спорт клубының (1990), ҚР кәсіпқой бокс федерациясының (1992-94), ҚР Президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті (1994-96) болды. 1999 жылдан ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты. Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының иегері (1993).
Отбасы
Мәскеу олимпиадасында (1980)
Кезең | Спортшы | Мемлекеті | Нәтижесі | Спортшы | Мемлекеті |
---|---|---|---|---|---|
1/16 | Серік Қонақбаев | Үлгі:USSR | (5:0) | Симион Чутов | Үлгі:ROM |
1/8 | Серік Қонақбаев | Үлгі:USSR | Имре Бакшкай | Үлгі:HUN | |
1/4 | Серік Қонақбаев | Үлгі:USSR | (уақытынан бұрын) | Хосе Ангел Молина | Үлгі:PUR |
1/2 | Серік Қонақбаев | Үлгі:USSR | (4:1) | Хосе Агуйлар | Үлгі:CUB |
Финал | Серік Қонақбаев | Үлгі:USSR | (1:4) | Патрицио Оливиа | Үлгі:ITA |
Марапаттар
Дереккөздер
<references/>