Серік Асылбекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Асылбекұлы Серік  1951 жылы 18 қыркүйекте Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Ленин ауылдық советіне қарасты Қарақ деген жерде дүниеге келген. Оның екі жасында ата-анасы көршілес Қазалы ауданына қоныс аударған. 1968 жылы Қазалы ауданының Қазалы ауылындағы №100 "Кеңтүп" қазақ орта мектебін, 1973 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы. драматург, филология ғылымдарының докторы.
  • ҚазПИ-дің (ҚазҰПУ)- филология факультетін бітірген (1973)
  • 1973 – 80 жж. мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
  • 1980 – 86 жж. республикалық «Жалын» баспасында редактор
  • 1986 – 92 жж. «Жалын» журналының бөлім редакторы
  • 1992 – 93 жж. Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жетекші маманы
  • 1993 – 98 жж. «Жазушы» баспасында бөлім меңгерушісі
  • 1998 – 2001 жж. «Парасат» журналы бас редакторының 1-орынбасары қызметтерін атқарған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
  • 2001-2008 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер акдемиясының аға оқытушысы, доценті, профессоры.
  • 2009-2013 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.

Қазір Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет етеді.

  ISBN 5-89800-123-9</ref>

Шығармалары

  • «Кешігіп қайтқан тырналар»
  • «Оттан да ыстық өмір»
  • «Мұғалімдер күні»
  • «Зимние каникулы»
  • «Прощальный бал»
  • «Сағыныш»
  • «Ата жұртта»
  • «Бір түнгі оқиға» спектаклі.
  • «Түнгі қаланың әні», т. б. әңгімелер мен повестер жинақтары,
  • «Қазақ мәдениеті – Қазақ мемлекеттілігінің жүрегі» атты іргелі монографиясы жарық көрген.
*  Асылбекұлы С. Қазақ повесі (Генезисі, эволюциясы, поэтикасы). Монография.- Алматы: Үш қиян, 2015. 296 б.
* Асылбекұлы С. Шығармалары. Әңімелер, повестер. 1-том.- Астана: Фолиант, 2008-400 б.
* Асылбекұлы С. Шығармалары. Повестер, әңімелер, пьесалар. 2-том.- Астана: Фолиант, 2008-416 б.</big>

Жетістіктері

  • С.Асылбекұлы сондай-ақ прозашы, драматург ретінде де танымал. Оның "Желтоқсан түні ызғарлы" (Бір түнгі оқиға) пьесасы бойынша қойылған спектакльге осы заман шындығын шынайы бейнелегені үшін 1998 жылы Тараз қаласында өткен VI Республикалық театр фестивалінің, "Империядағы туған күн кеші" пьесасы бойынша қойылған спектакльге 2013 жылы Ақтөбе қаласында өткен XXI Республикалық театр фестивалінің, ал "Күзгі романс" пьесасына 2005 жылы Қазақстан ұлттық кітапханасы мен "Самсунг электроникс" корпорациясының үздік драмалық шығармаларды анықтау мақсатында өткізген республикалық әдеби конкурсының бас жүлделері берілді. Қазіргі күндері аталған пьесалар бойынша қойылған спектакльдер Қазақ және Қырғыз академиялық, ұлттық драма театрларының сахналарында табыспен жүруде.
  • Қазақстан жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлығының лауреаты.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}