Серікболсын Әбділдаұлы Әбділдин
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Серікболсын Әбділдаұлы Әбділдин (25 қараша 1937 жыл, Қызылкесік, Шығыс Қазақстан облысы – 31 желтоқсан 2019 жыл, Алматы) — кеңестік және қазақстандық экономист пен саясаткер, 1996 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстан Коммунистік партиясының Бірінші хатшысы, 1999 жылдан 2004 жылға дейін Мәжіліс депутаты, 1999 жылы президенттікке үміткер. Әбділдин өзін Қазақстандағы парламентаризмнің және Қазақстан Конституциясының «патриархы» деген. Өзін коммунист деп сипаттаған Әбділдин демократияны, көппартиялы жүйені қолдайтын.
Агроном Әбділдин саясатпен айналысты да, ақыр аяғында 1991 жылғы қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы атанды. 1993 жылғы қаңтарда ол Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы атанып, желтоқсанға дейін лауазымға ие болды. Осы жылдардағы Қазақстан Конституциясының құрылуына үлес қосқан ол кейін оппозицияға көшті. 2010 жылы ол зейнетке кетті.
2019 жылдың соңына дейін ол профессор ретінде академиялық, ғылыми қызметпен айналыса берді де, 82 жасында қайтыс болды.
Мазмұны
Өмірбаяны
Әбділдин Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай ауданының Қызылкесік ауылында (қазіргі Абай облысы) туған. Әкесі Әбділда Әлімжанов Екінші дүниежүзілік соғыста, 1943 жылы қайтыс болған.<ref name=":0">Үлгі:Cite web</ref> 1960 жылы Әбділдин Алматыдағы ветеринар институтындағы оқуын бітірді.
Әбділдин Найман, Саржомарт, Бура руынан шыққан.Үлгі:Citation needed
Оқуын бітірген Әбділдин Семей облысындағы фермада үш жыл жұмыс істеген болатын. 1963 жылдан ол Алматы ветеринар институтының жоғарғы мектебіне барып жүрді де, 1966 жылдан 1967 жылға дейін ол жердегі ғылыми қызметкер болды. Ол кейін Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясында жұмыс істеді.
Саяси мансабы
1982 жылы Әбділдин Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары болып тағайындалды да, 1985 жылғы желтоқсанда Қазақ КСР Мемлекеттік ауыл шаруашылығы комитеті төрағасының бірінші орынбасары атанды. Әбділдин бұл лауазымға 1987 жылғы шілдеге дейін ие болып, КСРО Министрлер кеңесіндегі Қазақ КСР тұрақты өкілі атанды. 1990 жылғы сәуірден ол Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарып, 1991 жылғы 16 қазаннан толыққанды төраға болды. 1993 жылғы 28 қаңтарда орган атауы Қазақстан Жоғарғы Кеңесі болып өзгерді.
Қазақстан тәуелсіздігі басталғанда Қазақстан Коммунистік партиясы билігін жоғалта бастады да, 12-съезде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев оны толығымен ыдыратты. Осы себептен 1994 жылы Әбділдин оппозицияға бет бұрды. «Тұрақсыздық орнатудан» қорыққанына қарамастан Әбділдин беделділерге қарсы берік тұрды.<ref name=":0" /> Сол жылы ол «Республика» қоғамдық бірлестіктер республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы атанды. 1996 жылғы сәуірде ол Коммунистік партияның Бірінші хатшысы болып сайланды.
1999 жылғы президенттікке кампаниясы
Үлгі:Толық мақала 1998 жылғы 11 қазанда Әбділдин өзін Қазақстан президенттігіне ұсынды.<ref name=":1">Үлгі:Cite news</ref> Әбділдин президент Назарбаевты еркін нарық саясаты үшін сынға алған. Сайлауалды кампаниясы бұл саясат елдегі экономикалық дағдарысқа әкелген деген болатын. Аралас экономиканы қолдаған Әбділдин, оған қоса, денсаулық сақтау мен білім салаларына көбірек қаражат бөлінгенін талап еткен. Сайлаудың әділ өткенін қалаған ол сайлау комиссиясында әр үміткердің өз өкілі болсын деген. Оның бұл талаптарына үкімет мән бермеген.<ref name=":1" /> Сайлауда Әбділдин жалпы дауыстың 12% жинап, екінші орынға жайғасты.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ресми нәтижені мойындамай қойған ол «Назарбаевтай дауыс жинадым» деген.<ref name=":0" />
Мәжіліс депутаты (1999–2004)
1999 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде Әбділдин Коммунистік партия атынан Мәжіліске сайланған үш депутаттың бірі болды. Осылайша ол сол жердегі Сыртқы істер, қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.<ref>Серикболсын Абдильдин выпустил книгу о мифах и реалиях президента Назарбаева</ref> Сол жылы ол Қазақстан демократиялық күштерінің форумында тең төраға атанды.
2002 жылдан 2003 жылға дейін ол Қазақстанның демократиялық таңдауы саяси кеңесінде мүше болды. Келіспеушілік нәтижесінде 2004 жылғы сәуірде Қазақстан Коммунистік партиясынан Владислав Косарев басшылығындағы Қазақстан Коммунистік Халық партиясы (ҚКХП) бөлініп шықты. КҚХП мүшелері Әбділдинді партияны бөлді деп сынға алып, Орталық барлау агенттігіне жұмыс істейді, елде түсті революция жасағысы келеді деген айып тақты.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Партия бөлінуін Назарбаев билігі Әбділдин беделін түсіру үшін жасаған деген пікірлер бар.<ref>Үлгі:Cite book</ref> Сол жылы Әбділдин Қазақстан демократиялық күштерінің үйлестіру кеңесіне мүше болды.
2004 жылғы парламент сайлауына орай үкімет электрондық дауыс беру жүйесін ұсынбақ болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Бұл шешім сайлауларды әділ емес қылу үшін жасалады деген пікірді Әбділдин білдірді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> ҚКП мен ҚДТ сайлауға парламенттік фракция орнатып, бірге қатысты.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Фракция парламентке түсе алмады да, Әбділдин осылайша депутаттығынан айырылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Постпарламенттік мансабы
2004 жылғы 2 қарашада Әбділдин Қазақстан президентіне көмек көрсетпек болған Демократия мен азаматтық қоғам ұлттық комиссиясының мүшесі болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2005 жылғы 20 наурызда Әділетті Қазақстан үшін (ӘҚҮ) саяси блогі құрылды да, Әбділдин оның құрушы сессиясында сөз сөйледі.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ол осылайша ӘҚҮ кеңесі төралқасына да мүше болды.<ref name=":0" />
Демократия мен азаматтық қоғам ұлттық комиссиясының ыдырауынан кейін 2006 жылғы 20 наурызда Қазақстандағы демократиялық реформа үйлестіретін мемлекеттік комиссия орнады. Әбділдин оның да мүшесі атанды.
2010 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық басқарма комиссиясы Орталық комитетінің пленумында Әбділдин Бірінші хатшы лауазымынан кетті, «әр нәрсенің шегі бар және бір лауазымға мәңгі ие болу мүмкін емес» деді.<ref name=":0" />
Кейінгі өмірі мен өлімі
2010 жылы саясаттан зейнетке кеткеніне қарамастан Әбділдин Назарбаевты сынағанын тоқтатпады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2015 жылғы қыркүйектегі Қазақстан Коммунистік партиясына тыйымды Әбділдин қолдамады. Бұл шешім партияның идеологиясы себебінен емес, ықпалы себебінен жасалған деді.<ref>Үлгі:Cite news</ref> 2019 жылғы маусымдағы соңғы сұхбатында Әбділдин Назарбаевтың президенттіктен бұрында-ақ кеткені дұрыс еді деді, ізбасары Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі басшылықты өзгертпейді деген пікір айтты. Ол, оған қоса, 1993 жылғы Конституцияның қайта орнаған талап етті.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Әбділдин жұрт алдында соңғы рет 2019 жылғы 7 қыркүйектегі құрылтай кезінде сөз сөйледі. Елдің Назарбаевтан айырылғанын талап еткен Әбділдиннің сөзіне халық қол соқты.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite news</ref>
2019 жылғы 31 желтоқсандағы Жаңа жыл түнінде 82 жастағы Серікболсын Әбділдин қайтыс болды.<ref>Белгілі қазақстандық оппозиционер Серікболсын Әбділдин қайтыс болды</ref> 2020 жылғы 3 қаңтарда Қазақ мемлекеттік филармониясы ғимаратының алдында Әбділдинді жерлеу рәсімі өтті. Әбділдин Алматыдағы Кеңсай-2 зиратында жерленген.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Шығармалары
Серікболсын Әбділдаұлы 11-ге жуық ғылым еңбек пен 6 монографияның авторы еді.Үлгі:Citation needed Әбділдин шығармалары қатарына осылар жатты:<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
- Резервы сельскохозяйственного производства Казахстана, 1982;
- Комплексное освоение кормовых угодий, 1986.
Дереккөздер
- Кеңсай зиратында жерленгендер
- Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері
- Қазақстан президенттігіне үміткерлер
- Қазақстан КП ОК мүшелері
- Қазақстан партияларының төрағалары
- Қазақстан Коммунистік партиясы мүшелері
- Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағалары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары
- Қазақстан экономистері
- Экономика ғылымдарының докторлары
- Қазақ КСР ауыл шаруашылығы министрлері
- Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессорлары
- Қазақстан оппозицияшылары