Сергей Карпович Даронян

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сергей Карпович Даронян (1925 ж. т.), армян әдебиет зерттеушісі. Филология ғылымының докторы, профессор. «Микаэл Налбандян», «Мирза Ибрагимов», «Түгелбай Сыдықбеков» т. б. монографиялар мен зерттеулер жариялады. Әуезовпен шығармашылық және достық қарым-қатынаста болған. Олардың достығы 1955 ж. «Абай» диафильмін түсірген кезден бастапған. «Үндістан университеттерін аралап» деген мақаласында ұлы Мұхтар Әуезовтің Үндістанға барып-қайтқан сапарынан кейін, Мәскеу студенттерімен кездескені жөнінде қалам тербеген («Московский университет» газеті, 1955, 19 наурыз). «Ұлы халықтың ұлы перзенті» атты естелігінде заңғар суреткердің кішіпейілділігі, асқан білімі, асқар дарыны туралы ақтарыла жазды («Со­циалист Қазақстан», 1970, 20-21 маусым). 1956 ж. 7 шілдеде Әуезовке жазған хатында «Абай» диафильмінің жарыққа шыққанын хабарлап, Мәскеу баспасынан жарық керетін қазақ әдебиетінің антологиясына алғы сөз жазуды өтінеді («М. О. Әуезовтің емірі мен шығармашылық шежіресі», А., 1997, 540-541-беттер). Ал Мұхтар Әуезов 1954 ж. 24 маусымда Даронянға жазған хатында Москвада шығатын «Абай жолының» «нағыз лайықты басылыммен, жақсы көркемделіп» шығуына, Даронянның өзінің редактор болуына тілек білдірген.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 987-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сергей Карпович Даронян|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}