Сергей Власенко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сергей Власенко – заңгер. <ref>«Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен» Алматы, 2008 жыл. ISBN 9965-9860-7-X</ref>.

1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін тәмәмдаған. 1998 жылы Мәскеу қаласындағы «Құқық және бұқаралық ақпарат құралдары» (ММУ) орталығының жазғы мектебінде «Бұқаралық ақпарат құралдарының заңнамасы» бағдарламасы бойынша білім алған.

1997 жылдан бері БАҚ-на заңгерлік көмек көрсетіп келеді. Қазақстандағы Интерньюс Нетуорк өкілдігінің заңгері, Америка заңгерлер қауымдастығының (Орталық Еуропадағы және Еуразиядағы құқықтық бастама (ABA/CEELI)) БАҚ-ты қолдау орталығының аға заңгері қызметтерін атқарған. Қазіргі кезде Қазақстан Телерадиохабар таратушылар қауымдастығының БАҚ-н қолдау орталығында заңгерлік қызмет бөлімін басқарады. Сонымен қатар заңгер Қазақстандағы, алыс және жақын шетелдердің БАҚ-да жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарының мәселелеріне қатысты мақалалардың авторы.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}