Сембіғали Абзалбекұлы Смағұлов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сембіғали Абзалбекұлы Смағұлов (7 қараша, 1963, Жезқазған облысы Шет ауданы Тоғанбай ауылында туған) — суретші, «Қазақ елі» монументінің авторы.

Арғын тайпасының Қаракесек руының Сарым бөлімінен шыққан.<ref>https://zhaikpress.kz/kk/news/sembigali-smagulov-madenieti-zhogary-xalyktyn-bolashagy-zharkyn/</ref>

Смағұлов Сембіғали Абзалбекұлы еліміздің танымал атақты сурешісі, «Қазақ Елі» монументінің авторы, оқытушы. Қазіргі уақытта Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «Дизайн» кафедрасында доцент лауазымында жұмыс істейді. Жұмыста жоғары деңгейлі - білікті маман болғандықтан студенттерге берер дәрісі оқытушылық шеберлігі және кәсіби тәжірбиесі, шығармашылығы мол ұстаз. Қызметімен қатар, түрлі заманауи шығармашылық салаларындағы халықаралық симпозиумдар мен көрмелерге жиі қатысады. 1992 ж. Т.Жүргенов атындағы Алматы Ұлттық Театр және Өнер институтын бітірді. 1992 жылдан Республикалық, халықаралық және шетелдік көрмелерге қатысушы. Жұмыстары келесі жерлерде орналасқан: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қаласындағы Ұлттық музейде, Үкімет үйі және Ақорда, Алматыда Ә.Қастеев мұражайында, Мәскеу, Атырау облыстық мұражайларында және шет елдер жеке қорларында сақтаулы. Шығармашылық жұмыстары: «Қазақстан өнер антологиясы»,«ХХ ғасырдың Қазақстан өнері», «Ғасыр тоғысындағы Қазақстанның өнері» каталогтары ЧА-97, ҚР СІМ «Қазақстан суретшілері», «Реализм тұлғалары», «Астана суретшілері», альбоміне енгізілген «Қазақ өрнегі кеңістігі», ҚР Ұлттық музейінің «ART- серпіліс» альбом катологінде сақталған.

Еңбек жолы

  • Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және көркемөнер институтының көркемөнер факультетін бітірген (1992), монументші-суретші.
  • 1984 жылдан - Қарағанды көркемсурет-өндірістік шеберханаларының суретшісі.
  • 1993 жылдан - Қазақ көркемөнер академиясының оқытушысы.
  • 1997 жылдан - ҚР Суретшілер одағы Жастар бірлестігінің төрағасы.
  • 2004 жылдан - «Астана қаласы, Суретшілер одағы АБ басқармасының төрағасы.
  • Қазіргі уақытта шығармашылық жұмыста.

Шығармашылығы

100-ден аса монумент жұмыстарының және кескіндеме туындыларының авторы. Жұмыстары келесі жерлерде орналасқан: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қаласындағы Ұлттық музейде, Үкімет үйі және Ақорда, Алматыда Ә.Қастеев мұражайында, Мәскеу, Атырау облыстық мұражайларында және шет елдер жеке қорларында сақтаулы. Шығармашылық жұмыстары: «Қазақстан өнер антологиясы»,«ХХ ғасырдың Қазақстан өнері», «Ғасыр тоғысындағы Қазақстанның өнері» каталогтары ЧА-97, ҚР СІМ «Қазақстан суретшілері», «Реализм тұлғалары», «Астана суретшілері», альбоміне енгізілген «Қазақ өрнегі кеңістігі», ҚР Ұлттық музейінің «ART- серпіліс» альбом катологінде.

Марапаттары мен жетістіктері

  • ҚР Президентінің стипендиаты (1997).
  • «Қазақстанның Еңбек сіңірген Қайраткері»
  • Астананың 10 жылдығы медалі
  • Астананың 20 жылдығы медалі (2007 ж. — «Қазақ елі» монументінің авторлығы үшін).
  • Жоғары халықаралық суретші рейтингі 4А (авторлық), Мәскеу, 2001 ж.
  • Нанкин өнер университетінің құрметті профессоры. ҚХР, 2011 ж
  • Өнер кавалері» Алтын орденінің иегері. Брюссель, 2014 ж
  • Халықаралық суретшілер одағының мүшесі. Антверпен. Бельгия. 2014
  • «Бүкіл әлемде бейбітшілік суретшілері» құрметті атағының иегері. Пекин, 2013 ж
  • Бірнеше кәсіби өнер байқауларының дипломанты.

Отбасы

  • Әкесі - Смағұлов Абзалбек (1930 жылы туған), зейнеткер. Анасы - Смағұлова Мәкен (1939 жылы туған), зейнеткер.
  • Үйленген. Жұбайы - Ақтоты Көлкенқызы Смағұлова, суретші.
  • Ұлдары - Олжас, Марғұлан.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Bio-stub