Ақтоты Көлкенқызы Смағұлова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ақтоты Көлкенқызы Смағұлова (27.04.1966, Алматы облысында туған) - кескіндемеші. Қазақ. Албан тайпасының Қызылбөрік руынан шыққан.
Еңбек жолы
- Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және көркемөнөр институтының көркемөнер факультетін бітірген (1993), суретші.
200-ден аса кескіндеме туындыларының авторы. Еркін суретші.
Қоғамдық жұмысы
ҚР Суретшілер одағының мүшесі.
Жетістіктері
- Қазақстан жастар сыйлығының лауреаты.
- ҚР Президентінің стипендиаты (1998).
Отбасы
- Әкесі - Қырғызбаев Көлке Қырғызбайұлы, зоотехник болып жұмыс істеген. Анасы - Төлегенова Күлбала Төлегенқызы, зейнеткер, мұғалім болып жұмыс істеген.
- Тұрмыста. Жұбайы - Сембіғали Абзалбекұлы Смағұлов, суретші.
- Ұлдары - Олжас, Марғұлан.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>