Сексеуілдідала

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

СексеуілдідалаБетпақдала ныңоңтүстік-шығыс бөлігі. Жамбыл облысының, Мойынқұм ауданында.

Оңтүстік-шығыстан (Бірлік ауылы маңынан) солтүстік-батысқа, Керегетас жалына дейін 110 — 120 км-ге созылып жатыр, ені 20 — 30 км. Абстракт биіктігі 300 — 400 м, солтүстік-шығысында Шу-Іле таулары сілемдерінің (Жамбыл, Шоғырлы, Майжарылған, Хантау) етегімен, оңтүстік-шығысында Шу өзенінің аңғарымен шектеседі. Шөгінді малтатастардан, құм мен саздақтан түзілген. Жер бедері көне эрозиялық арналармен (ұзындығы 10 км, ені 10 — 20 м), қалдық төбешіктермен (ұзындығы 6 км, ені 2 км, биікт. 10 — 12 м), белесті құм жалдармен және ойдым-ойдым дефляциялық ойыстармен ерекшеленеді. Жер асты сулары 5 — 7 м тереңдікте кездеседі, минералд. 3 г/л. Тұздылау құмды өңір табиғатына бейімделген сексеуіл, күйреуік, баялыш, сарсазан, теріскен, жүзгін, жыңғылбас, құм қарағаны, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады, сексеуіл өсіретін және дайындайтын шаруашылықтар орналасқан.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сексеуілдідала|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}