Сейіттөбе
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Көне қалашық Сейіттөбе – ерте орта ғасырлардан сақталған қала орны.
Орналасқан жері
Түркістан облысы Шардара ауданы, Қоссейіт ауылынан 1 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Сипаты
1950 жылы А.Н. Бернштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеді.
Аумағы оңтүстік ені – 190 м, солтүстік ені – 220 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай – 140 м тікбұрышты төбе. Солтүстік-шығыс бұрышында бір, оңтүстігінде кішірек екі мұнарасының қалдығы сақталған. Соңғысы кірер қақпадағы күзетші мұнара болған тәрізді. Табылған заттардан қаланың орта ғасыр қалаларына тән үш бөліктен (қорған, шаһристан, рабад) тұратыны анықталды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>