Сейтнәби Мұқашев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сейтнәби Мұқашев (1.1. 1930, Жалағаш ауданы, «Бұқарбай батыр» ауылы – еңбек ардагері. Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген (1952). Алғашқы ұстаздық жолын Гурьев (Атырау) облысы, Бақсай ауданы Жаманқала орта мектебінде бастаған. 1952 – 62 жылдары Жалағаш ауданы Ленин атындағы орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі, аудандық комсомол комитетінің хатшысы, аудандық газет редакторының орынбасары, аупарткомның ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болған. 1962 – 64 Қармақшы ауаткомы төрағасының орынбасары, 1964 – 67 жылдары Жалағаш ауд, Жамбыл атындағы ұжымшардың төрағасы, 1968 – 78 жылдары Жалағаш ауаткомының, 1978 – 82 жылдары Тереңөзек ауаткомының төрағасы. 1982 – 85 жылдары Аққұм кеңшарының директоры қызметтерін атқарды. Облыстық кеңестің депутаты болып сайланған. 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, Халықтар достығы орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы"

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сейтнәби Мұқашев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}