Сейсенбек Мұхамедұлы Ахметов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Жазушы Үлгі:Мағына Сейсенбек Мұхамедұлы Ахметов (26 желтоқсан, 1922 жыл, қазіргі Ақсу ауданы, Көкжиде ауылы - 17 желтоқсан, 1994 жыл, Алматы, Қазақстан) — жазушы, аудармашы, сыншы әрі редактор<ref name=":0">Жүрек жадында: Жинақ. - Алматы: Қазақ университеті, 2005. - 190 бет. ISBN 9965-12-809-X</ref>.
Өмірбаяны
- Орталау мектепті бітіргеннен кейін 1938—1941 жылдары Қапал педучилищесінде оқиды.
- Ол өз еркімен майданға аттанып, Калининде 306-шы атқыштар полкінің 20-шы гвардиялық дивизиясы командирі болды. Қантөгіс ұрыстың бірінде жас командир ауыр жарақат алып, №3325 Чкалов қалалық эвакуациялық госпиталіне жіберіледі<ref>82 кітапқа редактор болған ардагер</ref>. Елге мүгедек болып оралады. Соғыста көрсеткен ерлігі және Отанға сіңірген еңбегі үшін ол бірінші дәрежелі "Қызыл жұлдыз", "Құрмет белгісі" ордендерімен қатар, бірнеше медальдармен марапатталады<ref name=":0" />.
- Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түседі.<ref>Журналистер ұшқан ұя. - Алматы: "Қазақ университеті", 2004. - 222 бет. Құрастырған С. Медеубекұлы. 14 бет. ISBN 9965-732-40-X</ref>
- Талдықорған облыстық газетінің жауапты хатшысы.
- «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеті редакциясында бөлім меңгерушісі.
- Ұзақ жылдар бойы Қазақстан баспаларында редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі.
- Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға бақылаушы редактор болды.
- Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын, жұмыс істей жүріп Мәскеу полиграфия институтының редакторлық бөлімін бітірген. Негізгі шығармашылық саласы — көркем аударма<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>.
- 1989 жылы Қазақстандағы аудармашылар ассоциациясын құрып, президенті болды.
Марапаттары
- Отан алдындағы жасаған ерлігі мен жауынгерлік қызметі үшін "Қызыл жұлдыз" ордені
- «Құрмет Белгісі» ордендері
- «Баспасөз үздігі»
- ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағын алған.
- "Тың жерлерді игергені үшін" медалі
- I дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені
- "Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 40 жыл" медалі
- "КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл" медалі<ref name=":0" />.
Шығармалары
- Ормандағы жалғыз мола: Поэма // Ленин жолы, 1947.
- "Бағбан", "Бөрі билет", "Первый отпуск", "Призрак" әңгімелері // Сталиншіл, 1947-1951.
- Біржан мен Сара айтысы туралы шындық: зерттеу // ҚазМУ ғылыми жазбалары, 1949<ref name=":0" />.
- Ай, қап! А., Монография. ҚМБ, 1954.
- М. Әуезовтің көркем аудармадағы шеберлігі. Зерттеу. А., «Мектеп», 1976.
- Қазақстан жазушылары. Биобиблиографиялық анықтамалық. - Алматы: Жазушы, 1987.
- Баламасы бар сөзді бағалайық // Жұлдыз, 1987.
- Қуыр-қуыр, қуырмаш. - Алматы: Өнер, 1993<ref name=":0" />.
Аудармалары
- А., Волошин. Кузнец жері. Роман. А., ҚМКӨБ, 1951.
- А. С. Макаренко. Ұстаздық дастан. Роман. А., ҚМКӘБ, 1956.
- Л.Соболев. Теңіз жаны. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1957.
- А. Толстой. Никитаның балалық шағы. ҚМКӨБ, 1958.
- В.И. Ленин және А.М. Горький // Социалистік Қазақстан, 1958.
- Хох В.И. Ауыр атлетика. - Аударма. - Алматы: Спорт қоғамы Одағының Республикалық кеңесі, 1959.
- Луначарский А. Ленин және өнер. - Аударма, 1960.
- Колесников А. Р. Зорге осындай болған: Повесть. - Аударма, 1968.
- Дык Лан Ким. Ким Донг ерліктері туралы повесть. - Аударма. Алматы: Жазушы, 1971.
- Ильина Е. Карл Маркстың жастық шағы. - Аударма, 1972.<ref name=":0" />
- Арсеньев. Тайга тамашалары. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1975.
- С. Солобейчик. Ыждаһатты оқу. Роман. А., «Мектеп», 1976.
- Ежелгі дүние тарихы. 2 бөлім: Оқу құралы. - Аударма (аудармашылар тобы). - алматы: Мектеп, 1977.<ref name=":0" />
- Е. Ильина. Сапар. Повесть. А., «Мектеп», 1978.
- И. Чобону. Өткелдер. Кукоара. Роман-дилогия. А., «Жазушы», 1979-1982.
- 3. Посмыш. Жолаушы келіншек. Повесть. А., «Жазушы», 1985<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>.
Дереккөздер
Санат:
- 26 желтоқсанда туғандар
- Ақсу ауданында туғандар
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары
- Қазақстан аудармашылары
- Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
- Қазақстан баспасөзінің үздіктері
- Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері
- Тың және тың жерлерді игергені үшін медалінің иегерлері