Сағындық Байсалов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Infobox writer Сағындық Байсалов (1.7.1928 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы – 1997 жыл, Алматы қаласы) – заң ғылымдарының докторы (1966), профессор (1971), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген заңгері (1972).
Өмірбаяны
- Ташкент заң институтын (1949) бітірген.
- КСРО Ғылым Академиясының Мемлекеттік және құқық институтының аспирантурасын (1952) бітірген.
- Қазақстан Ғылым Академиясының Философия және құқық секторында аға ғылыми қызметкер
- Қоғамдық ғылым бөлімшесінің ғалым-хатшысы (1953–1970)
- 1971 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) профессор, кафедра меңгерушісі болып, ұзақ жылдар жұмыс істеді.
Еңбектері
Қазақстанда жер-суды, табиғатты қорғауға байланысты қабылданған заң, қаулы-қарарларды іс жүзіне асыру мәселелерін ғылыми тұрғыдан зерттеген әрі республикада қолданылған азаматтық, жер-су кодекстерінің жобаларын жасауға қатысқан. Байсалов 70-тен астам ғылыми еңбектің («Право сельско-хозяйственного водопользования в Казахской ССР», 1956; «Водное право КазССР», 1966) авторы.<ref>қазақ энциклопедиясы</ref>