Саясат Бейісбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Саясат Бейісбаев – (8.4. 1954. Алматы облысы, Шелек ауданы) журналист, БАҚ саласының топменеджері. ҚазМУ-ді бітірген (1980).<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>
- 1980-1991 жылдары "Социалистік Қазақстан", кейін "Егемен Қазақстан" газетінде тілші, аға тілші, шолушы, Алматы облысы бойынша республикалық басылымның меншікті тілшісі қызметін атқарды.
- 1991 жылы Батыс Германияның Мюнхен қаласына шақырылып,"Азаттық" радиосында тәжірибеден өтті.
- 1991-2004 жылдары халықаралық "Азаттық" радиосының тілшісі, "Азаттық" радиосы Қазақстандағы бюросының басшысы қызметін атқарды.
- 2004-2007 жылдары "Дала мен Қала" газетінде бас редактор, "Бүркіт Медиа групп" ЖШС бас директорының орынбасары,
- 2008 жылы сәуірден "Қазақстан" РТРК" АҚ Қазақ радиосы Бағдарламалар директорының орынбасары,
- 2009 жылы сәуірінен Қазақ радиосының Бас редакторы.
Қазақстан Журналистер одағының және Халықаралық Журналистер одағының мүшесі. Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың иегері. Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері.
Дереккөздер
<references/>