Сахна сөзі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сахна сөзі - актер шығармашылығындағы негізгі элементтердің бірі.


Ол пьесаның идеялық мазмұнын ашуға көмектеседі әрі театрда көркем образ жасаудың басты құралы болып табылады. Яғни актер мәнерлі Сахна сөзі арқылы жазушы шығармасында бейнеленген кейіпкердің ішкі жан дүниесін, идеялық ой-сезімін көрермендерге жеткізеді. Актер тілдің нақышты бояуы мен күш-қуатын терең сезінген жағдайда ғана өзі орындайтын сахналық кейіпкерінің әлеум. тегін, ұлттық-тұрмыстық мінез ерекшелігін, психол. сезім күйін аша алады. Қазақ театрында Қ.Қуанышбаев, Х.Бөкеева, Ф.Шәріпова, Ә.Әсімжанова, Р.Сәлменов, т.б. өз шығармашылығында Сахна сөзіне ерекше ден қойды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}