Сахи Романов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Сахи Романов (01.08 1926 жылы туған, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы - 2002 жылы дүниеден өтеді) — қазақ кескіндемешісі, кино суретшісі, Қазақ КСР халық суретшісі (1976). Ол қазақтың сурет өнерінің тамаша өкілі және қазақ кинематографиясының айтулы суретшілерінің бірі. Алты жасында ата-анасынан жетім қалады. Балалар үйінде тәрбиеленген. 1955 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематографиялық институтын (Ю.И.Пименов пен Г.М.Шегальдан) бітірді. "Қазақфильм" студиясында жұмыс істейді. "Қырық өтірікке" (1954-1955) жасалған иллюстрациялардың, "Құрманғазының өмірі мен творчествосы" суреттер топтамасының (1959-61), "Жайлау кеші" (1956-57), "Жас шопандар" (1959-61), "Туған өлке" (1958-62), "Жер туралы декрет" (1967), "Қаратау кен байыту фабрикасы" (1970) картиналары мен көптеген портрет, пейзаж және графикалық суреттердің авторы. "Алдар көсе" (1963), "Ән қанаты" (1965), "Құлагер" (1972) т.б. фильмдердің декорация эскизін жасады. "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған. <ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub