Сахиев Саябек Қуанышұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Wikify Үлгі:Ғалым

Сахиев Саябек Қуанышбекұлы (27 наурыз 1971, Шымкент) — қазақстандық физик, физика-математика ғылымдарының докторы (2009), қауымдастырылған профессор (2024), Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2017 жылдан бастап). 2022 жылдан бері «Ядролық физика институты бас директоры. Жеңіл ядролардың қасиеттері, ядролық астрофизика, инерциялы-магниттік термоядролық синтез, ультрасуық және аса суық нейтрондар физикасы саласындағы сарапшы.

Білімі

  • 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Физика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
  • 1995 жылы аталған университеттің аспирантурасының күндізгі бөлімін аяқтаған.
  • 1998 жылы «Үш бөлшекті потенциалдық модельдердегі жеңіл ядролардың қасиеттерін зерттеу» тақырыбында диссертация қорғап, физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.
  • 2008 жылы осы бағытта докторлық диссертациясын қорғап, физика-математика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие болған.
  • 2024 жылы мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор академиялық атағы берілді.

Мансабы

Марапаттары мен жетістіктері


Негізгі ғылыми жетістіктері

Саябек Қуанышбекұлы Сахиевтің жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Ядролық физика институтында заманауи ғылыми бағыт қалыптасып, белсенді түрде дамып келеді. Қазіргі уақытта ол қуатты фемтосекундтық лазермен үйлескен жоғары токты Z-пинч негізінде инерциялық-магниттік термоядролық синтез саласында зерттеулер жүргізуде. Плазма физикасы, лазерлік және ядролық физика, сондай-ақ соққы толқындары физикасының тоғысындағы пәнаралық зерттеулерді одан әрі тереңдету мақсатында Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымымен (ЦЕРН, Женева), Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен, «Біріккен ядролық зерттеулер институты» халықаралық үкіметаралық ұйымымен (Дубна қ.), Массачусетс технологиялық институтымен (Бостон қ., АҚШ), Лауэ-Ланжевен институтымен (Гренобль қ., Франция), Ұлттық ядролық физика институтымен (Сицилия, Италия), Ферми ұлттық үдеткіш зертханасымен (Чикаго қ., АҚШ), Карлсруэ технологиялық институтымен (Карлсруэ қ., Германия) және басқа да жетекші ғылыми орталықтармен тығыз байланыстар орнатылған.

Негізгі еңбектері

Бірлескен авторлықта 90-нан астам ғылыми еңбектері жарияланған. Ол сегіз оқулықтың авторы, оның ішінде бесеуі («Кванттық механика» [2], 1-2 том, «Ядролық физика және элементар бөлшектер физикасы», «Векторлық және тензорлық талдау негіздері» (https://rmebrk.kz/bilim/association/sahiev-vektorlyk-jane-tenzorlyk.pdf)) ҚР БҒМ басып шығарылған. Физика-математика ғылымдарының кандидатын (2005 ж.) және бес PhD докторын дайындады, сондай-ақ «Ядролық физика» мамандығы бойынша PhD докторанттары мен магистранттардың ғылыми жетекшісі болып табылады. 2014 жылы С.Қ. Сахиев «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы атанды

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

1. https://rmebrk.kz/bilim/association/konishi-kvanttyk-1.pdf

2. https://rmebrk.kz/bilim/association/sahiev-vektorlyk-jane-tenzorlyk.pdf

3. https://www.prrk.kz/news/pozdravlyaem-s-gosudarstvennoy-nagradoy/

4. https://inp.kz/ru/biografiya/sahiev-sayabek