Сатып алу-сату

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сатып алу-сатуазаматтық құқықта сатушы сатып алушының меншігіне мүлікті сатуға, ал сатып алушы — мүлікті қабылдауға және ол үшін белгілі бір соманы төлеуге міндеттенетін барынша кеңінен таралған шарттардың бірі.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Сатып алу-сату шарты

Сатып алу-сату шарты (Үлгі:Lang-en) — біртарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндеттенетін азаматтық-құқықтық шарт.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Сатып алушылық қабілеттің бара-барлығы

Сатып алушылық қабілеттің бара-барлығы - екі валютаның тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жиынына қатысты сатып алушылық қабілеті бойынша арасалмағы; әдетте, ол нарықтық валюта бағамымен үйлеспейді.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. Алматы</ref>

Сатудан кейінгі қызмет көрсету

Сатудан кейінгі қызмет көрсету - нарықтық стратегия нышаны, оны өнеркәсіптік жабдық, автомобильдер, тұрмыстық техниканы шығарушы компаниялар сатып алушылардың оларды сатып алғаннан кейін пайдалануы барысындағы қолайлылығын жақсарту мақсатымен қолданады<ref>Қаржы-экономика сөздігі. Алматы</ref>.

Дереккөздер

<references/>