Сарыбұлаққұм

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл СарыбұлаққұмЫрғыз өзенінің аңғарындағы құмды алқап.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылының оңтүстік-шығысында 7 км жерде орналасқан.

Жер бедері

Ең биік жері 100 м шамасында. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 35 кмге созылған, енді жері 10-11 км. Жалпы аумағы шамамен 350 км2.

Өсімдігі

Жүзгін, құмаршық, ақ селеу, еркек шөп, ақ жусан, жиде, т.б. шөптесіндер өседі. Құмды алқапта бірнеше ұсақ тұзды көлдер бар. Құмды алқап жыл бойғы мал жайылымы.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер