Сара Әділгерейқызы Күзембаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Сара Әділгерейқызы Күзембаева (24 наурыз, 1937 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргеліде туған) — музыкатанушы ғалым. Өнертану ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент – мүшесі. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері. Қазақстан Білім Беру ісінің Үздігі.

Толығырақ

Алматы мемлекеттік консерваториясының музыка теориясы мен тарихы факультетін (1961, қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген соң консерваторияда оқытушы (1961–65), ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры (1984–87), Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында кіші (1966–74), аға, жетекші маман (1974–87, 2000–05), Арқалық педагогикалық институтында оқытушы (1993–99), бөлім меңгерушісі (2005–09) болды.

  • 2009 жылдан бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.1961 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының тарихи-теориялық факультетін бітірген. 1961-1965 жылдары аталған оқу орнының теория кафедрасының оытушысы, 1966-1984 жылдары М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының кіші және аға ғылыми қызметкері ,1984-1993 жылдары әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі , музыка-теориясы кафедрасының профессоры. 2000 жылдан қазіргі уақытқа дейін М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институның музыкатану бөлімінің меңгерушісі.
  • 2007 жылы «Национально-художественные традиции и их конвергентность в казахской опере» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми-зерттеу еңбектері негізінен қазақ операсының тарихы мен теориялық мәселелеріне арналған. Күзембаева 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның, т.б. кітаптардың авторы. Ш.Ш.Уәлиханов атынд. сыйл. лауреаты (2009).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Мемлекеттік марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер