Санбай Қалмағамбетұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Санбай Қалмағамбетұлы – (1861 жыл, Түркістан облысы, Қызылқұм ауданы, Мыңшұқыр – 1922 жыл, Ташкент облысы, Піскент ауданы) – ақын.
Өмірбаяны
Санбайдың арнау өлеңдері, сын-сықақ шығармалары, айтыстары кезінде Оңтүстік Қазақстан еліне кең тараған. Оның әкесі Қалмағамбет ақын болған. Санбай табанда төгіп өлең айтуға, әріптесін ұтымды сөзбен жеңуге шебер болған. Оның Наркүміс қызбен айтысы халық арасында белгілі. Ақынның өлеңдері өз тұсында жазып алынбағандықтан, көбі ұмытылған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD." ЖШС, 2010. - 576 б. ISBN 9965-26-096-6</ref>