Самиғолла Айдарбайұлы Андарбаев
Самиғолла Айдарбайұлы Андарбаев<ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> (1906, Бейнеу ауданы, Қарабұлақ Ақшағыл мекені – 1983) – күйші-домбырашы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1967). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы мен қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі құрамында (1936 – 68) домбырашы болған; домбырашылық қызметімен қатар Қазақ ауылы шаруашылық институтындағы халық аспаптар оркестріне (1947 – 82) жетекшілік етті. Осы оркестр ұжымы бұрынғы одақтас республикаларда, шет елдерде өнер көрсетіп, бірқатар байқаулардың жүлдегері атанды. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне (1949, 1958) қатысқан. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1949, 1958) марапатталған. Оның бірнеше күйі қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы.
Дереккөздер
<references/>