Саламат Хайдаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саламат Хайдаров (15 маусым 1919, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржол ауылы) – журналист.


  • 1974 – 1984 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, облысаралық «Аққұс» газетінде редактордың орынбасары болды.
  • Оның Маңғыстау өндірістік-аумақтық кешендерінің даму проблемалары, облыстың әлеум. қоғамдық өмірінің өткір мәселелерін көтерген мақалаларын және мұнайлы өлкенің еңбек озаттары жайындағы көркем очерктерін жұршылық жылы қабылдады.

Шығармалары

  • «Өрлеу жолында» (1959)
  • «Теңіз самалы» (1973) кітаптарының авторы.

Марапаттары

  • Жауынгерлік медальдармен
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Төралқасының грамотасымен
  • КСРО Журналистер одағының Құрмет грамотасымен марапатталған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}