Салалышөп
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Taxobox Салалышөп (Үлгі:Lang-la) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.
Өсу аймағы мен ботаникалық сипаты
Қазақстанда Түркістан өңірі мен Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. Сортаңды жерлер мен егістіктерде өсетін 1 түрі – жұлдызқұрт салалышөбі (Brachіarіa erucіformіs) бар. Оның биіктігі 15-30 см, сабақтары бұтақтанған, тамыр түйіндерінен өседі. Жапырақтары жіңішке, қандауыр тәрізді (ені 4 мм-дей), сыртын түк басқан. Масақтары жұмыртқа тәрізді, доғал (ұзындығы 2 мм-дей), шашақ гүлшоғырына топталып сабақтың ұшында орналасады. Тамыз – қыркүйек айларында гүлдеп, масақтары піседі. Салалышөптің гүлшашағы әдемі, сондықтан одан сәндік гүлшоғын (букет) жасайды.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref>