Сайын Ғұмарұлы Ғабдуллин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сайын Ғұмарұлы Ғабдуллин

1956 жылы 18 қыркүйекте Орал облысының Шыңғырлау ауданы Белогорка ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Ғабдуллин Ғұмар Ғабдулүлы, марқұм, аудандық кәсіподақ комитетінің бастығы болып жұмыс істеген. Анасы - Ысқалиева Кәкима Хамитқызы, марқұм, аудандық кино желісі директорының орынбасары болып жұмыс істеген. Ленинград киноинженерлер институтын (1978) инженер мамандығы бойынша; Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының экономика факультетін (Мәскеу қаласы, 1986) кино өндірісінің ұйымдастырушысы мамандығы бойынша бітірген.1978 жылдан - түсіру техникасы цехының бастығы, комбинациялық түсірілімдер цехының бастығы, №3 шығармашылық-өндірістік бірлестіктің (ШӨБ-3, мультипликация) инженері, ШӨБ-3 директоры, «Қазақфильм» киностудиясы түсіру тобының директоры. 1989 жылдан - «Фирма КИНО» ЖШС негізін салушысы әрі продюсері. 2005 жылдан бері - «Компания КИНО» ЖШС («Фирма КИНО» ЖШС ребрендингі) негізін салушысы әрі бас ди- ректоры. Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі. Қырғызстан кинематографистер одағының құрметті мүшесі. 100-ден астам халықаралық кинофестивальге (ХКФ)қатысқан.

«А» класына жататын кинофестивальдардың: «Берлинале-2002» (негізгі конкурс және «Панорама» бағдар- ламасының конкурсы), «Берлинале-2009» («Поколение» бағдарламасының конкурсы) қатысушысы.

«Вместе» (1990), «Наурыз» (1991), «И увидел во сне...» (1993), «In SPE» (1994), «Остров дракона» (1994), «Десант» (2000), «Брат мой, Шелковый путь» (2001), «Взлет» (2002), «Бурная река, безмятежное море» (2004), «Песнь южных морей» (2008), «Другой берег» (2009) кинофильмдерінің продюсері.

Продюсері және режиссері болғаны үшін фильмдері «Евразия» ХКФ (Қазақстан, 1998), Гран-приімен, «Алтын Мон- гольфьер» Гран-приімен (Нант, Франция, 2002), «Алтын Горгиппия» Гран-приімен (Анапа қаласы, Ресей, 2002), «Алтын Цикло» Гран-приімен (Везуль қаласы, Франция, 2003), «Алтын лилия» Гран-приімен (Висбаден қаласы, Германия, 2009), «Алтын АЛЬГАМБРА» Гран-приімен (Гранада қаласы, Испания, 2009), «Золотой Абрикос» Гран-приімен (Ереван қаласы, Армения, 2009), Азия киносы ХКФ Гран-приімен (Рим қаласы, 2009), «Best Director» Гран-приімен (МКФ ARAD, Румыния, 2009), Гран-при (Монс қаласы, Бельгия, 2010), Гран-при (Фрибург қаласы, Швейцария, 2010), Гран-при (Cine Pobre de Gibara, Куба, 2010); қазылар алқасына арналған Гран-примен (Сиэтл қаласы, АҚШ, 2009); «МЕТРОБУС» (Париж қаласы, 2009), «ФИПРЕССИ» жүлделерімен (Висбаден қаласы, Германия, 2009; Сиэтл қаласы, АҚШ, 2009); көрермен көзайымы сыйлығының(Рим-2008, Нант қаласы, Франция-2008, Фрибург қаласы, Швейцария-2010), NETPAK award (Рим қаласы, 2008); «Песнь южных морей» фильміндегі «Үздік сомдалған әйел адам рөлі үшін» (Астана-2008, Гранада-2009, Анапа-2009), The AMAKOUROU prize (Брюгге қаласы, Бельгия, 2009), Экуменикалық қазы (Ереван қаласы, 2009), «Spirit Award» pyx сыйлықтарымен (Нью-Йорк қаласы, Бруклин қаласы, АҚШ, 2002); қазылар алқасына арналған «Күміс Эдельвейс» арнайы сыйлығымен (Тренто қаласы, Италия, 2004), Попрад (Словакия, 2004); қазылар алқасына арналған «Дидор» сыйлығымен (Душанбе қаласы, 2004); «Үздік режиссер», «Үздік сомдалған ер адам рөлі үшін», «Үздік ұлтаралық фильм үшін» «Алтын апельсин» ХКФ (Анталия қаласы, Түркия, 2009), үздік қысқаметражды дебют үшін 39-шы «Молодость» ХКФ (Украина), үздік балалар фильмі үшін (Копенгаген қаласы, Дания, 2009), «Үздік дебют» және «Үздік операторлық жұмыс үшін» «Ноев ковчег» ХКФ (Мәскеу қаласы, 2009), үздік сценарий үшін және CIFFEJ (de' cinema a Gonfreville, Франция, 2009), Гоадағы ХКФ халықаралық қазылар алқасына арналған арнайы сыйлығымен (Үндістан, 2009), үздік дебют үшін «Листопад» ХКФ (Минск қаласы, Белоруссия, 2009), үздік фильм үшін (Media wave International Film and Music Festival, Hungary, 2010), Cape Winelands ХКФ «Вдохновение» сыйлықтарымен (South America, 2010), 21-ші PALM SPRINGS ХКФ «ФИПРЕССИ» жүлдесімен, «Үздік ер адам рөлі үшін» (Калифорния қаласы, АҚШ, 2010) және 12-ші DHAKA ХКФ «Үздік ер адам рөлі үшін» (Бангладеш, 2010),Бейбітшілік сыйлығымен (TIFF, Норвегия, 2010), әйелдердің халықаралық қазылар алқасының (Монс, Бельгия,2010), үздік фильм үшін (Mosaico d'Europa Film Fest (MEFF), Италия, 2010), ұлттық кинопресса (Cine Pobre de Gibara, Куба, 2010), үздік дебют үшін («Шәкен жұлдыздары» ХКФ, Алматы қаласы, 2010) сыйлықтарымен марапатталған. «Другой берег» фильмі (режисер Г.Овашвили) Еуропа киноакадемиясы «Жыл жаңалығы» категориясының номинанты (2009) және Грузияның атынан Шет тілдеріндегі фильмдер категориясы бойынша АҚШ Кинематографиясының «Оскар» сыйлығына ұсынылған үміткер атанған. «Песнь южных морей» (режисер М. Сарулу) және «Другой берег» (режисер Г.Овашвили) фильмдері Ресей киноакадемиясының «ТМД және Балтық бойы елдерінің үздік фильмі» категориясы бойынша номинанты атанған («НИКА-2009» ХКФ).

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Вацлав Гавел.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік».

Хоббиі - жол.

Сүйіп оқитын әдебиеті - орыс классикасы.

Үйленген. Жұбайы - Ләззат. Қыздары - Кәмила (1986 жылы туған),Алина (1994 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub