Сайын Назарбекұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тұлға Сайын Назарбекұлы Назарбек (2 қаңтар, 1941 жылы Маңғыстау облысы, Тиген ауылында туған) — ақын, сәулетші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001). Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты. Маңғыстау облысының және Атырау облысының Құрметті азаматы. Қазақстан Сәулетшілер Одағының және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
Толығырақ
- Сайын Назарбекұлы 1941 жылы 2 қаңтарда Маңғыстау облысы, Тиген ауылында дүниеге келген.
- 1969 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (бұрынғы Қазақ политехникалық инистиутын) бітірген.
- 1969 – 1975 жылдары Қазақ политехникалық инистиутында оқытушы;
- 1975 – 80 жылдары Жаңаөзен қаласында құрылыс мекемесінде басшылық қызмет атқарды.
- 1980 – 89 жылдары Алматы құрылыс техникумында (қазіргі колледж) оқытушы болды.
- Назарбекұлы Абай – Шәкерім (1995),
- Омархан – Нұржамал (1996) кесенелерін, Абыл ақын, Досан батыр (1992, Маңғыстау облысы), Тоқтамыс батыр (Семей) күмбездерін, Ділдә, Әйгерім, Ақылбай, Шәкір Әбенов сағаналарын (1995,
- қазіргі Шығыс Қазақстан облысы),
- Домалақ ана (1997, Қаратау),
- Хан ордалы Сарайшық (1999, Атырау облысы) кесенелерін, т.б. сәулет ескерткіштерін тұрғызған. Н. – «Парыз» (1994),
- «Абай басқан Жидебай топырағы» (1995), «Шерқала» (1996),
- 3 томдық шығармалар жинағы (2001), «Сырласым бол» (2004),
- Сонымен қатар «Абай ішіп үлгермеген у», «Ақбөбек», «Махамбет» драм. шығармаларының, 8 томдық «Қазақ халқының шежіре тарихы» (Адай тайпасы), «Қазақтың киіз үйі» атты этногр. еңбектердің авторы.
Мемлекеттік марапаттары
- 1996 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік марапаты « Құрмет ордені» мен елбасының жарлығымен марапатталды.
- 2001 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
- 2005 жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» мерекелік медалі
- 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі
- Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты
- Махамбет ауданының Құрметті азаматы
- Маңғыстау облысының Құрметті азаматы
- Атырау облысының Құрметті азаматы
- Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Құрметті азаматы
- Халықаралық экология академиясының академигі.
- Қазақстан ескерткіштерін қорғау қоғамының құрметті мүшесі.
- Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік педагогика иниститутының құрметті профессоры.
- Маңғыстау облысының және Атырау облысы Әкімдерінің арнайы құрмет грамоталарымен марапатталған.